НӘЗІК ЖАНДЫ АРУЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

38809487-e183-46b3-b935-5ae561cfaa87.jpg

Күлімдеген көктеммен қатар келетін 8 наурыз-Халықаралық әйелдер күні мерекесі жылдағы дәстүрге сай биылда өз жалғасын тауып, аудандық Мәдениет үйінде «Әлемнің жарығын сыйладың сен маған» тақырыбында жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

d2a3d7da-097b-4ffd-9da7-accd9c44e684.jpg

Мерекелік шараның шымылдығын түрген аудан әкімі Азат Құтпанбетов ақ жаулықты аналарды құттықтап, ауданымыздың мақтанышына айналған бірқатар аналарымыздың есімдерін ерекше атап, нәзікжанды аруларға өзінің ыстық лебізін білдірді.

Аудан басшысы өзінің  құттықтау тілегінен кейін аудан көлемінде әртүрлі салаларда еңбек етіп жүрген қыз-келіншектерді марапаттап, құрмет көрсетті.

 Мұнан соң аудан өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламаға кезек берілді. Сахна төрінде өнер көрсеткен аудан өнерпаздарының аналарға арнап шырқаған әуезді әндері мен мың бұрала билеген бишілердің билері көңілге шаттық сыйлап, мереке мерейін одан әрі еселей түсті.

Әлемдегі әсемдік пен сұлулықтың бәрі әйел көркі мен ана мейірімінен нәр алады. Расында адамзат өмірінің іргетасы әйелдің қолымен қаланады. Әйелдің қолында тіршіліктің шырайы, отбасының шырағы бар. Сондықтан ерді үйдің иесі санаған дана халқымыз әйелді шаңырақтың киесіне балаған. Тағылымды тарихымыз қайраткерлік қасиет қонған аналардан кенде болған емес. Ұлан - ғайыр далада ұрпақ мақтанышына айналған талай ұлағатты аналар өткені белгілі. Бұлардың өшпес өнегесі мен өлмес дәстүрі Әділетті Жаңа Қазақстан қоғамында өз  жалғасын табады деген сенімдеміз.

Ана – адамзат баласының дүниеге келуіне себепкер болатын аяулы жан. Ана дегенде жүрегі жылымайтын адам жоқ. Бауыр еті баласы үшін сұлулығын, денсаулығын, жан тыныштығын құрбан етуге дайын аналарды қалай құрметтесек те артық емес.

Иә, ержүрек батыр да, қаламы жүйрік ақын да, данышпан ғалым да Ананың перзенті. Сұлулық пен нәзіктіктің  иесіне айналған ару аналарымызға қандай  құрмет көрсетсек те орынды.

                    Бақтығали ДӘУІТБАЕВ, «Балқаш өңірі».

 

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • НӘЗІК ЖАНДЫ АРУЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
  • Салықтық әкімшілендіруді цифрландыру: жалған мәмілелермен күресудің жаңа технологиялары
  • Цифровизация налогового администрирования: новые технологии для борьбы с фиктивными сделками
  • Табиғи газды қауіпсіз пайдалану: ескерту шаралары мен сақтық талаптары
  • Соблюдение правил – залог безопасности!