Әділетті Қазақстан – Заң мен Тәртіп үстемдік құратын ел

    36b77bea-98f2-4179-b756-3b2a59afd0e1.jpg

    Құқық қорғау органдарының басшыларымен кездесуінде Президент құқыққа байланысты өзінің негізгі ұстанымдарын сөз еткен болатын. Ол айналамыздағы  келеңсіздіктермен тұтас қоғам болып күресу керек деп санайды. Елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылық, вандализм, дөрекілік және бұзақылық сияқты қылмыстар жойылуы тиіс. Қоғамда заң мен тәртіп бұзушылықтың кез келген түріне мүлде төзбетін әрі оны қатаң айыптайтын жағдай қалыптасуы керек. Әсіресе әйелдер мен балаларға зорлық-зомбылық көрсету фактілерінің жолын батыл түрде кесу қажет.

    Президент өз сөзінде: «Заң бәріне бірдей. Азаматтарымыз заңдылықты нығайту жолында жұдырықтай жұмылса ғана қоғамда әділдік орнайды. Әділетті Қазақстан – Заң мен Тәртіп үстемдік құратын ел», – деді. Жалпы Президент Әділетті Қазақстанды құру үшін құқықтық мәдениетті дамыту керек екенін бұрыннан айтып та келеді. 

#ҚұқықтықМәдениет

#Заңүстемдігі

Журналист К.Ербай


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Закон об ответственности владельцев электросамокатов одобрил Сенат
  • 372 ДТП с участием самокатов произошло в Казахстане с начала года. В них погибли три человека, 385 п
  • Контроль за электросамокатами и защита детей: закон о профилактике правонарушений направили президен
  • Көзге көрінетін өзгерістер: цифрландыру, инфрақұрылым және активтердің қайтарылуына азаматтардың көз
  • Изменения, которые видны: цифровизация, инфраструктура и возврат активов глазами граждан