Заң мен тәртіпке бағынған ел ғана қауіп¬сіз қоғам, құқықтық мемлекет қалыптастыра ала¬ды. Заңды сақтау – әділеттіліктің, теңдік пен тәртіптің кепілі.
Елімізде Заң және тәртіп қағидатын қалыптастыру маңызды рөл атқарады. Бұл – бәріне бірдей бұлжымас қағида. Заңның сақталуы, азаматтардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыру
-маңызды міндет. Дамыған қоғам жүгенсіздікке, тәртіпсіздікке, бұзақылыққа жол бермейді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 2 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» Қазақстан халқына Жолдауында: Тағы да қайталап айтамын: біздің қоғамымызда заң мен тәртіп үстемдік құруға тиіс. Бұл – бүкіл қоғамның және әр адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты ең басты талап. Біз сонда ғана Әділетті, Таза және Қауіпсіз Қазақстанды құра аламыз. Осы стратегиялық мақсатымызға жету үшін еліміздің бейбіт өмір сүруіне және тұрақты дамуына қолайлы сыртқы жағдай қалыптастыруымыз қажет. Бұл – қазіргі аса күрделі геосаяси ахуал кезінде өте жоғары кәсібилікті талап ететін дипломатияның міндеті делінген.
Заң мен тәртіп қағидаты барлық салада, әсі¬ресе мемлекеттік органдарда үстем болуға тиіс. Жалпы, қоғам заңға бағынғанда ғана біз ай-тып жүрген құқықтық мемлекет қалып¬тас¬пақ. Азаматтардың заңға бағынуы олардың құқы¬ғын шектеу емес. Керісінше, тәртіпке ба¬ғынған қоғам өркениетті болады. Бұл мем¬лекеттің қауіпсіздігін нығайтып, де¬мок-ра¬тияны дамыта түседі. Бүгінгідей күрделі ге¬¬саяси жағдайда елімізді сақтап қалу жо¬лында азаматтардың мұны терең түсінгені лә¬зім. Өйткені заң үстем болмаған елде тұ¬рақ¬тылық болмайды. Ал тұрақтылық жоқ жер-де сәйкесінше даму да болмайды. Заң мен тәртіпке бағынған ел ғана қауіп-сіз қоғам, құқықтық мемлекет қалыптастыра ала¬ды. Ал заңды сақтау – әділеттіліктің, теңдік пен тәртіптің кепілі болып табылады.
#ЗАҢменТӘРТІП
#ҚұқықтықҚоғам
Аудандық кәсіподақ төрағасы
С.Рақышев