«Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм»

abf25baf-6f5e-4e6f-a8d8-9d0b63fc3aeb.jpg

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» - атты  Жолдауында қоғамдағы заң мен тәртіп идеологиясының күшейту туралы ерекше атап өткен болатын. Соның ішінде, мемлекетте барлық өкілеттіліктердің заң аясында жұмыс жасау керектігін баса айтты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде жастардың Отан алдындағы борышын өтеу үшін әскерге баратындығын айтып, олардың өз міндетін алаңсыз орындауы үшін барлық жағдай қарастырылуы керектігін ескертті. Яғни өткен замандағы үстемдік танытудан арылып, жас сарбаздардың борышын өтеу кезінде ешқандай қысымшылық көрсетілмеуі қажет. Себебі, мемлекеттің басты байлығы – адам. Артық қыламыз деп, тыртық қылып алмауымыз үшін жаңа заманда барлығын заң аясында жасауымыз керек. Жас сарбаздың өмірі мен денсаулығына, қауіпсіздігіне әскер басшылары жауапты. Әрбір ата-ана көзінің ағы мен қарасы болған баласын Отан алдындағы борышын өтеу үшін әскерге жібереді. Сондықтан елімізде өз еркімен әскерге баратын, патриот ұрпақ тәрбиелеу үшін заң мен тәртіп те күшейе түсуі керек. Мемлекетке аманат етіп сеніп тапсырылған ұлықты ұлдар Отан алдындағы борышын қысымшылық пен әлімжеттік көрмей, міндетін заң шеңберінде орындауы тиіс. Сонда ғана әділетті қоғам орнап, жаңа Қазақстанның жасампаз келбеті қалыптаспақ.

#ҚұқықтықМәдениет

#Заңүстемдігі

#Заңбәрінеортақ

Ақсақалдар алқасының мүшесі М.Қожабеков


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстандықтар үшін 2025 жыл қандай болды және ол немен ерекшеленді
  • Как казахстанцы прожили 2025 год, и чем он запомнился
  • 350 тыс. человек получили доступ в 95 населенных пунктах к газу за прошедший год: итоги работы Прави
  • Өткен жылы 95 елді мекенде 350 мың адам газбен қамтамасыз етілді: Үкіметтің энергетика саласындағы ж
  • Реализация поручений Президента: в Казахстане запущены три новых газовых месторождения в 2025 году