ЕҢБЕК АДАМДАРЫ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ

2bac533d-30d6-4b03-8639-66d03c825822.jpg

6c999e56-65b2-46f9-b32a-1ae1821420dd.jpg

Осы аптада облыс орталығы Қонаев қаласында «Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі» күніне арналған салтанатты шара өтті.  Іс-шараға 200-ден астам ауыл шаруашылығы қызметкерлері мен мамандары қатысты.

Тынымсыз еңбектің қара қазанында қайнап жүрген еңбек адамдары осы жерде құрметке бөленді. Солардың қатарында бақ дарыған Балқаш ауданының бірнеше азаматтары марапатқа ие болды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 13 қарашадағы №698 Жарлығымен ауыл шаруашылығы саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін «Dinara-Ranch» Агрофирмасы» ЖШС-нің басқарушы директоры Бақытжан Сатыбалдиев «Құрмет» орденімен марапатталса, «Агрофирма «Бірлік» ЖШС-нің директорының бірінші орынбасары Аршын Жақыпов «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісінің иегері атанды. Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Құрмет» грамотасы «Терентьев» ЖК-ның басшысы Артём Терентьевке бұйырды. Алматы облысы әкімінің «Құрмет» грамотасымен«Береке» шаруа қожалығының басшысы Асқар Сейдахметов марапатталды. Ақдала ауылдық округінен «Владимир» шаруа қожалығы жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін ауыл шаруашылығы тауар өндірушілер арасынан І-ші орынды иеленіп, шаруашылық иесі Владимир Печенегинге арнайы сыйлық ретінде «YTO 804-8» тракторының кілті табысталды. Ал Құйған ауылдық округінің әкімі Ғалымжан Тықыров ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін ұйымдастыруда белсенділігі үшін І дәрежелі диплом мен арнайы ақшалай сертификаттың иегері атанды.

Осылайша «Ауыл шаруа-шылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі» күніне арналған салтанатты шарада ауданы-мыздың еңбек адамдары құрмет - қошеметке бөленді.

                                         Өз тілшімізден.  


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстандықтар үшін 2025 жыл қандай болды және ол немен ерекшеленді
  • Как казахстанцы прожили 2025 год, и чем он запомнился
  • 350 тыс. человек получили доступ в 95 населенных пунктах к газу за прошедший год: итоги работы Прави
  • Өткен жылы 95 елді мекенде 350 мың адам газбен қамтамасыз етілді: Үкіметтің энергетика саласындағы ж
  • Реализация поручений Президента: в Казахстане запущены три новых газовых месторождения в 2025 году