Цифрлық дағдыларды меңгеру аса маңызды

    551fb4ce-14e3-4ce4-bf1f-9ec3bb3bbb28.jpg

    Президентіміздің ағымдағы жылғы  «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» - атты Қазақстан халқына Жолдауының бір тармағында   цифрлық технологиялардың күнделікті өмірімізге жаппай енуі түрлі алаяқтардың көбеюіне әкеп соқтыруда екендігін,  сондықтан, қазір қаржы және экономика негіздерін білу, қарапайым цифрлық дағдыларды меңгеру аса маңызды болып табылатындығын баса атап өткен болатын. 

Баршаға мәлім,  соңғы жылдары  елімізде алаяқтық оқиғалары тым жиілеп кетті. Басым көпшілігі қаржылық қызметті қамтиды. Қарапайым тұрғындар қапыда өздерінің қатысуынсыз онлайн несие рәсімдеу, есепшоттан ақша аудару сынды операциялардың құрбанына айналуда. Президент сөзінде «Мектептерде, жоғары оқу орындарында қаржылық және цифрлық сауаттылық негіздерін үйрететін білім бағдарламасын енгізу қажет. Мұның бәрі азаматтарымыздың әртүрлі алаяқтардың құрығына түсіп қалмауына мүмкіндік береді. Қазір «Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы» заң жобасы әзірленіп жатыр. Осы заңның талаптарын орындау үшін қоғам мен мемлекеттік аппарат күш жұмылдыруы керек. Сонда ғана жағдайды түзетіп, заң үстемдігін және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете аламыз»-деді. 

Сақтықта қорлық жоқ. Қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтаған, қаржылық сауаттылық деңгейін арттырған  абзал.  Дербес деректерді,  карталардың мәліметтерін,  құпия сөздерді ешкімге хабарламауға, күмәнді жағдайда ақша аударымдарын жүзеге асырмауға, ұялы телефонға белгісіз қосымшаларды орнатпауға мейлінше тырысқан жөн.


#ЗАҢменТӘРТІП

#Әділдік

Қоғамдық пікір көшбасшысы, С.Смағұлов


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстандықтар үшін 2025 жыл қандай болды және ол немен ерекшеленді
  • Как казахстанцы прожили 2025 год, и чем он запомнился
  • 350 тыс. человек получили доступ в 95 населенных пунктах к газу за прошедший год: итоги работы Прави
  • Өткен жылы 95 елді мекенде 350 мың адам газбен қамтамасыз етілді: Үкіметтің энергетика саласындағы ж
  • Реализация поручений Президента: в Казахстане запущены три новых газовых месторождения в 2025 году