Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм

дд.JPG

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм” - атты Қазақстан халқына Жолдауында саяси және әлеуметтік-экономикалық даму перспективаларға қатысты мәселелер қамтылды. Соның ішінде үкіметке тұрғындарды және экономиканы қажетті көлемде газбен қамтамасыз ету тапсырылды. Былтыр бірқатар газ кеніші игеріле бастаған еді. Сондықтан, газды ішкі нарыққа тиімді бөлу қажет. Жылу электр орталықтарын және қарапайым тұтынушыларды көмір орнына газ жағуға көшіру жұмысын байыппен жүзеге асырған жөн. Ауыл тұрғындарына өз өнімдерін өңдеуге және сатуға мүмкіндік беретін инфрақұрылым құру өте маңызды. Биыл “Ауыл аманаты” жобасы басталды. Енді осы жоба аясында тағы бір жаңа тәсілді, яғни “тауар несиесін” беру мәселесін қарастыру қажет. «Әр ауданда азаматтарға түрлі ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруді үйрететін орталық ашу қажет», деп қадап айтты мемлекет басшысы. Жалпы Жолдауда жаңалық көп. Енді оның бәрі жүзеге асуы үшін біздер жұмыс істеуіміз керек. Жолдауды жүзеге асыратын өзіміз. Сөзден іске көшу керек!

Қоғамдық пікір көшбасшысы Б.Шыбықбаев

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстандықтар үшін 2025 жыл қандай болды және ол немен ерекшеленді
  • Как казахстанцы прожили 2025 год, и чем он запомнился
  • 350 тыс. человек получили доступ в 95 населенных пунктах к газу за прошедший год: итоги работы Прави
  • Өткен жылы 95 елді мекенде 350 мың адам газбен қамтамасыз етілді: Үкіметтің энергетика саласындағы ж
  • Реализация поручений Президента: в Казахстане запущены три новых газовых месторождения в 2025 году