Қонаев қалалық соты жыл басынан 3800-ден астам істі қарады

fd577ce4-bf77-447a-9256-036851ee4b78.jpg

    Қонаев қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жыл басына 3800-ден астам іс түсті. Олардың басым бөлігі жол-көлік оқиғаларына қатысты .

Бұл туралы сот төрағасы Әлинасыр Қадыров Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

    Сотқа түскен істердің 3570-і қаралып, 2370 іс бойынша жалпы сомасы 322 миллион теңгеге жуық айыппұл салынған. Бұл соманың жартысынан көбі мемлекет қазынасына төленді. Жол-көлік оқиғалары бойынша 1619 іс тіркеліп, 1561 адам айыппұл арқаласа, 18 азамат көлік жүргізу құқығынан айырылды.

    Отбасылық-тұрмыстық қатынастар бойынша 540 іс қаралып, 206 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, ұсақ бұзақылық және вандализмге қатысты істерде де әкімшілік жазалар күшейтілгені айтылды.

“Қоғамдық тәртіпті сақтау – біздің басты міндетіміз. Осы мақсатта қолданылған шаралар құқық бұзушылықтардың алдын алуға және заң үстемдігін нығайтуға бағытталған”,-деді Әлинасыр Қадыров.

    Брифинг барысында сот төрағасы құқықтық саладағы жаңалықтарды, оның ішінде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстегі өзгерістерді де түсіндіріп өтті


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Алдыда бізді ауқымды жұмыстар күтіп тұр
  • Портреты президентов, флаги и личная встреча Эрдогана: как Анкара принимает Касым-Жомарта Токаева
  • Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау – құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі.
  • Мемлекеттік тілден B2 деңгейі бойынша сабақ өткізілді
  • ЖАҢА ТАРИХИ КЕЗЕҢДЕГІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӨЗЕКТІ МІНДЕТТЕРІ