Мемлекет басшысы ауыл шаруашылық қызметкерлерінің бірінші форумында ауылдық жерлерді дамытуға қатысты бірқатар мәселелерді ортаға салды.
Ол өз сөзінде «Бұл форум елімізде тың игеру науқаны басталғанына 70 жыл толуына тұспа-тұс келіп отыр. Сол науқанның түрлі салдарын болғанын білесіздер. Соған қарамастан ауыл шаруашылығында көптеген оң өзгеріс жасалды.
Қазақстан аз уақыт ішінде әлемдегі ең астықты елдің біріне айналды. Әлеуметтік инфрақұрылым жақсарды, елді мекендер салынды. Мен бүгін алғашқы тыңгерлердің және олардың ізін басқан диқандарымыздың еңбегін ерекше атап өткім келеді» деп Отандық өнімдеріміздің сапасы жоғары, олардың деншіігі экспортқа шығарылып жатқанан және еліміздегі егіс алқабы және жайылымдық жер көлемі жағынан әлемде 6-шы орын алып тұрғанын бидай өнімін экспорттайтын 10 ірі мемлекеттің қатарына кіретінімізді тілге тиек етті.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қазақстан биылға күзгі жиын-терінде 26,7 миллион тонна дақыл жинағанын бұл жетістіктің он жылдағы рекордтық көрсеткіш екеніне баса тоқталып, диқандар қауымын құттықтап, ризашылығын білдірді.
Ауыл шаруашылық саласы еліміздің әлеуметтік – экономикасыың дамуына оң серпін беретін сала. Мемлекет басшысының осы саланың өрге қадам басуына мол мүмкіндік беріп отырғаны еліміздің экономикасының артуына жол ашып отырғанының белгісі деп білемін.
Мемлекет басшысының ауыл шаруашылық саласына көңіл бөлгені біздің аграрлы ауданымыздың өркендеуіне мол мүмкіндіктер беріп отырғанының бірден - бір белгісі екені айдан анық.
Жандос ӘБДІЖАППАРҰЛЫ, Агрофирма «Бірлік» ЖШС-нің директоры.