Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың аудандық жүйесін одан әрі жетілдіру, сондай-ақ азаматтық қорғаудың басқару органдарын, күштері мен құ-ралдарын 2024-2025 жылдар аралығындағы қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларға ден қоюға дайындау мақсатында 2024 жылғы 21 – 22 қараша күндері аралығында «Қыс – 2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы аудан көлемінде өткізілді.
Аудан көлемінде ұйымдас-тырылған шараға аудан әкі-мі Азат Құтпанбетов арнайы қатысып, аудандық шұғыл әрекет ету жасағының құрылымының қыс айларында болатын төтенше жағдайларға дайындық жұмыстарын көріп, бақылау жасады.
Аудандық шұғыл әрекет ету жасағының құрылымы 2023 жылдың 20 қарашасы аудан әкімінің №284 Қаулысымен бекітілген. «Қыс – 2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуға шұ-ғыл әрекет ету жасағының құрамында 64 адам, 23 бірлік техникасы жұмылдырылды.
Оқу жаттығу барысында, Балқаш ауданына берілген кіріспе бойынша «Іле өзенінің су деңгейі күрт көтерілуіне байланысты Бақанас ауылындағы Т.Бокин көшесінің бойында Іле өзенінің жағалауын су шайып өзеннің жағасындағы топырақ құлаған, Іле өзенінің жағалауын су шаю нәтижесінде аталмыш көшенің бойында 21 жеке тұрғын үйді су басу қаупі орын алды».
Осы аталған кіріспе бойынша, басқару органдары мен штабтың жұмыстары ұй-ымдастырылып, ауданның шұғыл әрекет ету жасағымен авариялық және кезек күт-тірмейтін жұмыстар жүргізілді, нәтижесінде Т.Бокин көшесінің бойында 21 жеке тұрғын үйді су басу қаупі қалыпты жағдайға келтірілді.
2024-2025 жылдар аралығындағы қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларға, аудандық шұғыл әрекет ету жасағының құрылымының күштері мен құралдары дайын екеніне оқу-жаттығу кезінде көз жеткізіліп, командалық штабтық оқу-жаттығу барысында осылайша әзірлігі зерделенді.
Аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі.