«ӨЛЕҢМЕН ӨРІЛГЕН ӨМІР»

 a94dd381-fa84-4fc2-b9b7-7341bf105bb6.jpg

Өткен аптаның сейсенбісі күні Бақбақты ауылдық Мәдениет үйінде «Ұлағатты ұстаз», «Ы.Алтынсарин» төсбелгілерінің иегері, ауданға кеңінен танымал ақын, саналы ғұмырын бала тәрбиесіне арнаған ұлағатты ұстаз Шұға Смағұлованың «Өлеңмен өрілген өмір» тақырыбында ұйымдастырылған шығармашылық кеші болып өтті.

38cd9f71-459b-4435-ac2b-5487fd59064d.jpg

Көңілі сырға, жүрегі жырға толы ақынның шығармашылық кешінің жүргізу тізгінін өз қолына алған Жетісу облыстық «Жетісу» газетінің бас редакторы Жұматай Оспан кештің иесін құрметпен сахна төріне шақырып, мәдени шараға арнайы келген құрметті қонақтарға сөз кезегін беріп, іс – шараның жоғары денгейде өтуіне бар өнерін салды.

Мәдени шарада құрметпен сөз алған аудандық білім беру қызметкерлерінің «Бірлік» кәсіподағы ұйымының төрағасы, ауданның Құрметті азаматы Сайран Смағұлов ұстаздық пен ақындық өнерді жанына серік еткен Шұға Алтынбайқызының білім беру саласына сіңірген ес-елі еңбектеріне баса тоқталып, «Білім, ғылым және бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің салалық кәсіподағына еңбегі сіңген қайраткер» төсбелгісін табыстаса, Халықаралық «Д.А.Қонаев» қорының вице - Президенті, ауданның Құрметті азаматы Дәулетбек Жанботаев өзінің жүрекжарды тілегін арнап, мәдени шараны ұйымдастырған Бақбақты ауылдық Мәдениет үйінің директоры Бақытгүл Қайыпбаеваға ризашылығын білдіріп, қасиетті өңіріміздің құрметті Шұғасы атанған ақ-ынды «Қоғам қайраткері» төсбелгісімен марапаттады. Сонымен қатар Бақбақты ауыл-дық округінің әкімі Ермек Өнербеков құттықтау тілегін арнап, сый – сияпатын жасады.

Келесі кезекте сөз алған аудандық мәдениет,  тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Гүлзат Сәлімжанова Шұға апайымыздың аудандық жыр мүшәйраларда жүлделі орындарды еншілеп, ұрпақ тәрбиесіне еселі еңбек сіңіріп жүргені жайында айта келе,  аудан әкімінің «Құрмет грамотасын» табыстады. Сондай – ақ  ауданның Құрметті азаматы, «Үздік өлкетанушы» Зәуреш Демеуқұлова мен аудандық Мәдениет үйінің директоры Фархат Жылгелдиев ақындық жолда биік белестерді бағындырған ұлағатты ұстазға өздерінің құттықтау тілегін арнап, сый – сияпатын жасаса, аудандық «Балқаш өңірі» газетінің бас редакторының ор-ынбасары Бақтығали Дәуітбаев өнердегі әпкесі Шұға апайдың айтқан ақыл – кеңестері жайында әңгіме өрбітіп, өзінің жүрекжарды өлеңін арнап, Шұға Алтынбайқызына аудандық газеттің «Арнаулы тілшісі» куәлігін табыстады. 

  Ұлағатты ұстаздың шығармашылық кешіне арнайы келіп, өздерінің ақ тілектерін арнаған құрметті қонақтар арасында ақынның туыстары, сыныптастары, ұстаздар қауымы, көршілері және шәкірттері кезекпен сөз алып, сый – құрметтерін көрсетсе, ақынның шәкірті, №1 Жамбыл атындағы орта мектептің түлегі,  республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі Мұхтар Күмісбек келесі жылы ұстазының жыр жинағының жарық көруіне демеушілік жасайтынын айтып, дүйім жұрттың алдында уәдесін берді. Бұл жайдарман жаңалықты естіген көпшілік қошеметтерін еселей түсті.

    Мәдени шараның барысында Шұға Смағұлованың сөзіне жазылған Тасболат Тастанбековтың «Бақбақтым менің» әні орындалып, шығармашылық кештің ажарын ашып, көпшілікке көтеріңкі көңіл - күй сыйлады. Сонымен қатар республикаға танымал дәстүрлі әнші Арафат Искаков арнайы келіп, өз өнерін көрсетсе, ақын, сазгер Дәулетбек Жанботаев, Миялы ауылдық клубының директоры Гүлмира Рахимова, Бақбақты ауылдық Мәдениет үйінің жанынан құрылған «Әжелер» ансамбілінің мүшелері, «Күншуақ» бөбекжай ба-лабақшасының тәрбиешілері әннен шашу шашып, №1 Жамбыл атындағы орта мектебінің оқушылары ақынның өлеңдерін жатқа орындап, көпшіліктің ыс-тық ықыласына бөленді.

   Әсерлі кездесуде ұлттық салт – дәстүріміз бойынша ақынның  иығына шапан жауып, шашу шашып, дәстүрлі әндер әуелете шырқалып, мың бұралған бишілер өз өнерлерін көрсетіп, ұлағатты ұстаздың өнегелі өмірінен естеліктер айтылып, еселі еңбек жолында жеткен жетістіктері мен шығармашылық салада бағындырған биік белестері жайында әңгімелер кеңінен өрбіді.

   Осылайша ұстаздық жолда айрықша із қалдырып, ақындық өнерді жанына серік етіп жүрген ұлағатты ұстаз, ауданға танымал ақын, аяулы ана, қадірлі әже, ел – жұртының қошемет – құрметіне бөленіп жүрген Шұға Смағұлованың шығармашылық кеші көпшіліктің есінде көпке дейін ұмытылмай, ел аузында айта жүретіндей ерекше әсерлі әрі жоғары деңгейде өтті.

Қазақ халқы әрқашанда ақынын аялап ардақтаған ел. «Ақын – елдің ардағы» деген қанатты сөз бекерден – бекер айтылмаған ғой.

      Шабыттанған сәтте қолына қаламын алып, жұмыр жердің бетіндегі қайғы -  қасіретті, қуаныш пен шаттықты жырлап, елдің жоғын жоқтап, барына байыппен қарап, поэзия әлемінде емін - еркін көсілген ақын-жазушыларын құрметтеген.

     Жүрегі жырға жолы ақындардың қаламынан туған жыр шумақтарын түсіне білген адамның бойына ол рухани күш – жігер сыйлайтыны айдан анық.  

       Өз тілшімізден.

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Алматинская область: работе акимов сельских округов придадут новый импульс
  • Алматы облысында ауыл әкімдерінің алғашқы форумы өтті
  • АИТВ-ке қарсы антиретровирустық терапия оң нәтежиесін беріп жатыр
  • Алматы облысы: «109» бірыңғай байланыс орталығы 12 мыңнан астам өтініш қабылдады
  • Қауіпсіздік бәрінен маңызды!