Алматы облысының тұрғындары тұмауға қарсы вакцина алды

    11.JPG

    Алматы облысында тұмау мен ЖРВИ-дің таралуы ерекше бақылауға алынды. 

Облыстың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Марат Исмаиловтың айтуынша, қыркүйек айынан бері 60 мыңнан астам адам медициналық көмекке жүгінген, олардың 63%-ы 14 жасқа дейінгі балалар. Тұмау Жамбыл, Еңбекшіқазақ, Іле аудандары мен Қонаев қаласында өршіп тұр.

    Жыл сайын облыста ЖРВИ-дің 500 мыңнан аса жағдайы тіркеледі. 

Бас дәрігердің дерегінше, өткен жылмен салыстырғанда сырқаттанушылық деңгейі 18%-ға төмендегенімен, биылғы тұмау маусымы ауыр болады деп болжануда. 

«Биылғы тұмау вирусының А типі (H1N1 және H3N2) ауыр өтуде. Бұл жылдам таралып, асқыну қаупінің жоғары болатыны алаңдаушылық туғызады», – деп атап өтті Марат Исмаилов.

    Тұмаудан қорғанудың ең тиімді жолы – вакцинация. Алматы облысында вакцинациялау науқаны 15 қыркүйекте басталды. Қазіргі таңда өңір халқының 10%-ы вакцина алды.Оның ішінде 15 мың медицина қызметкері, 5 мыңнан астам жүкті әйел және 848 қарттар үйінің тұрғындары екпе салдырды .Облысқа  «Гриппол плюс» вакцинасының 160 мың дозасы жеткізілді, аталған екпе толықтай пайдаланылды. Мамандар,екпенің күші бір жылға дейін жетеді дейді.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Алматы облысында пайдаланылмай жатқан 1,26 млн гектар жер анықталды
  • Аким Алматинской области поручил усилить контроль за использованием земель
  • Әскери топограф күні: мамандар 3D-модельдеуді енгізіп, цифрлық ұрыс алаңын қалыптастыруда
  • В новой Конституции усиливается защита семьи и детства – Динара Закиева
  • Жаңа Конституцияда отбасы мен бала құқығын қорғау күшейтіледі – Динара Закиева