Алматы облысында әлеуметтік топтарға салық жеңілдіктері ұсынылды

5a70b833-a36d-45eb-a07f-a71deb25932c.jpg

    Облыс тұрғындары мен кәсіпкерлері үшін көлік және мүлік салығын төлеу маңызды міндет болып қала береді. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер департаменті басқармасының  басшысы Олжас Отар баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

    Оның айтуынша, облыс бойынша 35 мыңға жуық азамат 2,8 млн теңге көлік салығына қарыз. Ал 38 мыңнан аса адам мүлік салығы бойынша  34,1 миллион теңге берешек. Қарыз көлемі бойынша Қарасай, Талғар және Іле аудандары көш бастап тұр.

    “Салықты уақытында төлемеу азаматтарға ескерту жасауға алып келеді. Егер қарыз өтелмесе, іс сот орындаушыларына жіберіліп, борышкердің есепшоттары бұғатталуы мүмкін. Бұл қаржылық қиындықтар мен шектеулерге алып келетіні анық,” – деп түсіндірді Олжас Отар.

    Сонымен қатар,мүлік және көлік салығы бойынша айтарлықтай жеңілдіктер қарастырылған. Атап айтсақ,мүлік салығынан босатылған азаматтардың саны 29 211 адамды құрап, 15,3 миллион теңге жеңілдік жасалды.

20 306 жеке тұлға көлік құралдарына қатысты 205,4 миллион теңгеге, ал 11 мыңға жуық жеке шаруақожалығы 101,2 миллион теңгеге жеңілдіктер алған. Жеңілдіктердің көпшілігі зейнеткерлерге, мүгедектерге, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, көпбалалы аналарға және басқа да әлеуметтік санаттағы азаматтарға 

арналған.

    Бұдан бөлек, облыс бойынша 361мыңнан аса азамат декларация тапсыруға міндеттелген. Оның ішінде 250.00 және 270.00 нысанындағы декларацияларды 308 101 азамат тапсырды, бұл жалпы қажеттіліктің 85,3%-ын құрайды. Атап айтқанда, 250.00 нысанын 156 831, ал 270.00 нысанын  151 270 мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор қызметкер өткізді.

    “Декларацияларды уақытында тапсыру – заң талаптарын орындау ғана емес, азаматтардың қоғам алдындағы жауапкершілігін көрсететін маңызды қадам. Бұл біздің қаржылық мәдениетімізді көрсетіп, экономикалық тұрақтылыққа үлес қосады,” – деп қосты Олжас Отар.

    Салық департаменті декларацияларды уақытында тапсыру мен салықтарды төлеудің маңыздылығын түсіндіру бойынша үнемі ақпараттық жұмыстар жүргізіп келеді.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мемлекеттік басқару академиясында биыл қандай өзгеріс бар? – мамандар түсіндірді
  • В Алатау открылась новая школа.
  • Алатау қаласында жаңа мектеп қолданысқа берілді.
  • Алматы облысында биыл 52 мыңнан астам жұмыс орны ашылды
  • Алматы облысында әлеуметтік топтарға салық жеңілдіктері ұсынылды