ӨЗ ЖЕҢІСІН БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІНІҢ КЛАССИГІ ЖЕРЛЕСІ БЕРДІКБЕК СОҚПАҚБАЕВТЫҢ 100-ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАДЫ


кыз.JPG

2024 жылдың 23 қазан мен 4 қараша аралығында Черногорияның Будва қаласында өткен Жастар арасындағы Әлем чемпионаты.

Әр жыл сайын әлемдік аренада жастар арасында ұйымдастырылатын бокстан әлем чемпионаты — жас спортшылар үшін өз мықтылықтарын көрсетуге және ұлттық намысты қорғауға үлкен мүмкіндік. 2024 жылы Черногорияның Будва қаласында өткен бұл байрақты бәсеке 75 мемлекеттен келген үздік жас спортшылардың басын қосты. Әр елден келген боксшылар өз елінің намысын қорғау мақсатында рингке шықты, оның ішінде Қазақстан құрамасы да бар. Қазақстан намысын қорғау үшін елден келген ер балалар 13 салмақ дәрежесінде, ал қыз балалар 12 салмақта бақ сынады.

кыз1.JPG

Қазақ елінің болашағы ретінде үміт күткен жас спортшы — 60 кг салмақта сынға түскен Толғанай Қасымхан. Азияның екі дүркін чемпионы, Әлем Кубогының жүлдегері және 2023 жылғы Әлем Чемпионатында жеңімпаз атанған Толғанай бұл жолы да Қазақстанның бокс тарихына тағы бір жетістік қосуға бел байлаған болатын. Өз салмағында тәжірибесі мол әрі сенімді спортшы ретінде танылған ол әлемдік аренада үздік үштікке ену үшін бар күшін салды.

22 қазан күні өткен жеребе тарту рәсімінде 24 мемлекеттің 60 кг салмақтағы спортшы қыздары бақ сынайтыны белгілі болды. Қасымханның қарсыластары қатарында Азия мен Латын Америкасы, Еуропа мен Африка елдерінен келген мықты боксшылар болды. Бұл ретте әрбір жекпе-жек шеберлік пен тактиканы талап етті.

кыз2.JPG

Әлем чемпионатының бірінші күні — 23 қазанда Толғанай алғашқы жекпе-жегін Венесуэладан келген қарсыласымен өткізіп, сенімді жеңіске қол жеткізді. Жекпе-жек барысында Толғанай қарсыласын әр раунд сайын басып озып, есепті 5:0 есебімен аяқтады. Бұл жеңіс оның ары қарайғы кездесулеріне мотивация берді.

27 қазанда Толғанай көршілес Өзбекстан боксшысы қарсыласымен кездесті. Бұл жекпе-жек барынша күрделі болды, алайда Толғанайдың шеберлігі оған жеңіс сыйлады. Кездесу барысында екі спортшының да біліктілігі байқалып тұрды, ал жекпе-жек соңында есеп 3:2 есебімен Толғанайдың пайдасына шешілді. Осылайша, ол келесі кезеңге өтіп, жеңіске бір қадам жақындады.

Толғанай үшін маңызды жекпе-жектердің бірі — 60 кг салмақтағы Латвия боксшысымен айқас болды. Бұл кезеңде де ол өзінің мықты екендігін тағы да дәлелдеп, есепті 5:0 нәтижесімен аяқтады. Мұндай айқын басымдықпен жеңіске жетуі Толғанайдың жартылай финалға өтуіне жол ашты.

31 қазанда өткен жартылай финалдық кездесуде Толғанай Қытайдың Шу Ютунг есімді мықты қарсыласымен кездесті. Бұл жекпе-жек оның әлем чемпионатындағы ең қиын сынағы болды. Шу Ютунг өзінің жылдамдығы мен соққы техникасы жағынан ерекшеленді. Толғанай қолдан келгенше қарсыласты тежеп, жауап соққыларын ұйымдастыруға тырысты. Алайда, кездесудің соңғы нәтижесі Толғанайдың қарсыласына жол беруіне әкеліп соқты. Жартылай финалдық кезеңде жеңіліске ұшырағанымен, Толғанай бұл жарысты қола медальмен аяқтады.

Толғанай Қасымханның Черногориядағы әлем чемпионатынан жеңіп алған қола жүлдесі — ел абыройын асқақтатып, Қазақстан боксының әлеуетін көрсететін маңызды жетістік. 24 елден келген 60 кг салмақтағы спортшылар арасынан үздік үштікке ену — әрбір спортшының арманы және үлкен мәртебе.

Толғанайдың жетістігі тек жеке өзі үшін ғана емес, Қазақстан бокс федерациясы үшін де аса маңызды болып табылады. Бұл жеңіс жас спортшыларға мотивация беріп, келешекте тағы да жарқын жеңістерге қол жеткізуге мүмкіндік бермек.

Қазақстандық жас боксшылар әлемдік аренада ел намысын қорғап, жыл сайын түрлі жетістіктерге жетіп келеді. Толғанай Қасымханның қола медалі — Қазақстан жастарына үлгі боларлық жетістік, сонымен қатар қазақ бокс мектебінің әлеуеті мен тұрақты даму бағытын тағы бір рет дәлелдеген маңызды оқиға.

Толғанайдың бұл жеңісі болашақ чемпиондарға үлкен мотивация беріп, Қазақстан боксын алға жылжытудың айқын мысалы болып табылады.

Нұрлы өлке газеті


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мемлекеттік басқару академиясында биыл қандай өзгеріс бар? – мамандар түсіндірді
  • В Алатау открылась новая школа.
  • Алатау қаласында жаңа мектеп қолданысқа берілді.
  • Алматы облысында биыл 52 мыңнан астам жұмыс орны ашылды
  • Алматы облысында әлеуметтік топтарға салық жеңілдіктері ұсынылды