АКЦИЯ АЯСЫНДА АУҚЫМДЫ ЖҰМЫСТАР ҚОЛҒА АЛЫНДЫ

73e3f63b-1757-4225-a651-cd7c7d4c59ba.jpg

Осы аптада Бақанас ауылына кіреберісте орналасқан телемұнара маңында аудандық орман шаруашылығының ұйымдастыруымен  Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Өнегелі ұрпақ» тақырыбында  сексеуіл тұқымын жинау іс-шарасы болып өтті.

Аталмыш акцияға аудан әкімі Азат Құтпанбетов, аудан әкімінің орынбасарлары, Бақанас орман

шаруашылығының директоры Мұрат Нұрмұханбетов

және бірқатар мекеме-ұйым басшылары қатысты.

 

Іс – шараның ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімі Азат Құтпанбетов аталмыш акция аясында аудан көлемінде атқарылған ауқымды жұмыстарға баса тоқталып, бірқатар тұрғын үйлердің әктелгенін, шарбақтар мен қоршаулардың сырланғанын және 18 көлдер мен өзен жағалаулары тазаланғанын, 51 тонна  қоқыс шығарылғанын айта келе, аталмыш айлықты өткізу барысында бұл жұмысқа аудан бойынша 4720 тұрғын мен 60 бюджеттік, мемлекеттік мекемелер мен басқармалардың  қатысқанын тілге тиек етті.

Сонымен қатар аудан басшысы өз сөзінде «Аудан көлемінде тазалық жұмыстарымен қатар көгалдандыру, абаттандыру жұмыстары да жүргізіліп, 5270 дана ағаш көшеттері, 2350- ге жуық гүл көшеттері отырғы-зылды.

Ардагерлер мен қарттардың аулаларын тазарту бойынша қайырымдылық шаралары ұй-ымдастырылды.

Халқымызда «Табиғатсыз адамзаттың күні жоқ, оны айтатын табиғаттың тілі жоқ» - деген нақыл сөз бар, өз денсаулығымыз мықты болсын десек, қоршаған ортаның тазалығына назар аударайық. Суын ішіп, ауасын жұтып, топырағын басып жүрген туған жерімізді құрметтеп, қадірлеу әрқайсымыздың қастерлі борышымыз. 

Міне, бүгінгі күні  ауданымызда  тағы бір табиғат аясында  үлкен шара ұйымдастырылуда, бұл шара туған өлке табиғатын   қалпына келтіру бойынша атқарылатын жұмыстардың бірі болмақ» деп шараға қатысушыларға сәттілік тіледі.

Келесі болып сөз алған облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқарма басшысының орынбасары Димаш Қожабек пен облыстық Жастар ресурстар орталығының маманы Әкежан Қобдолдаев ұйымдастырылып жатқан іс-шара ауданымызда сексеуіл ағашын көбейту, қоршаған ортаны ретке келтіру, жастарды еңбекқорлыққа және табиғатты аялауға тәрбиелеу, туған жеріміздің тазалығы мен өркендеуіне өз үлесімізді қосу мақсатында атқарылып жатқанын айтса, Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің 8 сынып оқушысы, ерікті, «Жас орманшылар» үйірмесінің топбасшысы Динара Наухан жастар қауымын  туған жеріміздің табиғатын аялап, оны қадірлеуге шақырды.

 

Мұнан соң шараға қатысушы мектеп оқушылары мен Бақанас аграрлы – индустриялдық колледж студенттері сексеуіл ағашының тұқымын жинауға кірісті.

Оларға Бақанас орман шаруашылығының орманшылары қолдау көрсетіп, сексеуіл тұқымын қалай жинау керек екендігін үйретіп, жиналған сексеуіл тұқымдарын арнайы қаптарға салып, қажетті орынға жөнелтілді.

Осылайша Бақ дарыған Балқаш жерінде Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акция аясындағы ауқымды шара өз деңгейінде өтті.

                        

Өз тілшімізден.

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Кегенде Заманбек Нұрқаділовке арналған ескерткіш-бюст ашылды
  • В Кегене открыт бюст в честь Заманбека Нұрқадилова
  • ЖАСТАРҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
  • ЖЕРЛЕСІМІЗГЕ ЛАЙЫҚТЫ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
  • Алматы облысында 10 мың тоннаға жуық инертті материал әзірленді