Алматы облысында өрт оқиғасы 5,2%-ға азайған

729a77d8-8d12-48b6-aa3b-ce0cf1a60950.jpg

    Алматы облысында жыл басынан бері 635 өрт тіркеліп, 2023 жылмен салыстырғанда 5,2%-ға азайған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында облыстық Төтенше жағдайлар Департаменті бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Ермек Момбаев айтты.

Қызыл жалынның салдарынан 16 адам ажал құшса, 15 азамат задап шеккен.  25 млн 619 мың теңге материалдық залал келтірілген. 

«Жылу беру маусымында 420 өрт тіркеліп, оның 12-сі кісі өліміне себеп болған. Керісінше, автокөліктердің өртенуі жиіледі. 106 көлікте өрт болып, былтырғы көрсеткіштен 17 пайызға артты. Сауда орындарында  өрт оқиғасы 7-ге, орман өрттері 19-ға азайды»,-деді спикер. 

Мамандардың айтуынша, 2024 жылы электр жабдықтарының ақауы салдарынан 301 өрт оқиғасы болған. Төтеншеліктер, өрттіңалдын алу үшін қауіпсіздік шараларын сақтау керектгін алға тартады. 


«Өртті сөндіруден гөрі, оның алдын алу жеңіл»,-деп қорытындылады мәслихатында облыстық Төтенше жағдайлар Департаменті бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Ермек Момбаев.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Алматы облысындағы «Шынасыл-Сай» кен орнының ашылғанына ғасырға жуықтады
  • Алматинская область: работе акимов сельских округов придадут новый импульс
  • Алматы облысында ауыл әкімдерінің алғашқы форумы өтті
  • АИТВ-ке қарсы антиретровирустық терапия оң нәтежиесін беріп жатыр
  • Алматы облысы: «109» бірыңғай байланыс орталығы 12 мыңнан астам өтініш қабылдады