Балқаш жұрты ауызбіршілігін танытты

кумисбек1.JPG

    Мен, Балқаш аудандық «Балқаш өңірі» газетінің бас редакторы Ербаев Күмісбек Жарылқасынұлы жалпыреспубликалық референдумға қатысып, тарих бетіне алтын әріппен жазылған күні өз таңдауымды жасадым. Еліміздің келешегі үшін жасалынып жатқан тарихи қадамда Балқаш жұрты «бір жағадан бас, бір жеңнен қол»  шығара білді, ауызбіршілігін танытты.

      Бүгіннен басталған үкілі  үмітіміз ертең үлкен істердің бастауы болмақ. Референдумның нәтижесіне қатысты экзит-полдың нәтижесі көңілімізді бір марқайтып тастады. Еліміз бойынша отандастарымыз АЭС салу құрылысын қолдап 69,8 пайыз дауыс беріпті.

     «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында қолға алынған іргелі істі қолдаған азаматтар елдің ертеңіне немқұрайлы қарамайтындықтарын дәлелдеді. Еліміз өркендеу жолына бағыт алып, алға қойған мақсаттар жемісті болсын деген тілектеміз.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Эксперты Sarap обсудили промежуточные итоги избирательной кампании
  • Sarap сарапшылары сайлау науқанының аралық қорытындыларын талқылады
  • Астанадағы Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
  • Саяси күштердің көшбасшылары «Басты дебат – 2026» алаңында кездесті
  • - Лидеры политических сил встретились на «Главных дебатах - 2026»