АЭС – экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің тиімді жолы

АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб мүшелері ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігіне қарасты «Көлсай-көлдері мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» мекемесінің қызметкерлерімен кездесу өткізді.

АЭС – экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің тиімді жолы


Кездесу барысында экологиялық мәселелер, АЭС құрылысының экологиялық аспектілері және алдағы референдумның маңызы талқыланды. Халықтық штабтың мүшесі Біләл Мәсімбаев экология мен атом энергетикасының тығыз байланысын атап өтіп, өз пікірін білдірді.

«Атом энергетикасы экологиялық таза энергия көзі болып табылады. АЭС құрылысы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің тиімді жолы. Қазақстанда экологиялық таза энергияны дамыту — біздің басты мақсатымыз. Бұл жобаның жүзеге асырылуы еліміздің энергия қажеттіліктерін экологиялық қауіпсіздікке негізделе отырып шешуге мүмкіндік береді. Сондықтан АЭС-ті қолдау — біздің ортақ міндетіміз», – деді Біләл Мәсімбаев.

Кездесуге қатысқан табиғи парк қызметкерлері АЭС жобасының экологиялық аспектілерін қолдап, бұл бастаманың маңыздылығына назар аударды.

«Біз АЭС құрылысын экологиялық таза энергия көзі ретінде қарастыруымыз керек. Қазақстан экологиялық таза энергияға көшу үшін өз мүмкіндіктерін пайдалану қажет. АЭС-тің экологиялық қауіпсіздігі мен энергия тиімділігі — біздің болашағымыз үшін өте маңызды. Сондықтан, біз референдумға белсенді қатысып, дауысымызды береміз», – деді парк директоры Елнұр Ахметов.

Кездесу соңында Халықтық штаб мүшелері қатысушыларды 6 қазан күні өтетін референдумға белсенді қатысуға шақырды.

«Әрбір азаматтың дауысы еліміздің экологиялық және энергетикалық болашағына әсер етеді. АЭС жобасын қолдай отырып, біз елдің тұрақты дамуына өз үлесімізді қосамыз. Келіңіздер, өз дауысыңызды беріп, Қазақстанның болашағына үлес қосыңыздар», – деді штаб мүшелері.

Айта кетейік, Халықтық штабтың мұндай кездесулері экологиялық мәселелерді талқылауға, халықтың пікірін ескеруге және еліміздің болашағын қалыптастыруға бағытталған.

Үлкен Нарын ауданы Солдатова ауылының тұрғындарымен кездесу өтті

Ауылдықтармен кездесуде АЭС –тің маңыздылығы талқыланды. Сонымен қатар қатысушылардың тарапынан қойылған сұрақтарға Халықтық штабтың мүшелері жауап беріп, АЭС бойынша нақты дәйектерді келтірді.

«Бір айға жуық уақыт атом электр станциясының еліміз үшін тиімді тұстарын талқылаған, азаматтармен пікір алмасу кездесулер ұйымдастырылуда. Бізде сіздермен осы мәселені талқылау үшін нақты зердерделенген  ақпараттарды жеткізу мақсатында кездесіп отырмыз. Бүгінімізді емес, болашағымызды ойласақ онда АЭС салу қалайда маңызды. Себебі ғалымдар мен сала мамандарының айтуынша алдағы 10 жылда электр қуатына тапшылық арта түсетін болады», - дейді Халықтық штаб мүшесі Шынар Курманова.

Радиоактивті қалдықтар халықаралық стандарттарға, соның ішінде МАГАТЭ стандарттарына сәйкес кәдеге жаратылады, бұл қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына қатерді барынша азайтады. Қазақстанның ядролық материалдармен жұмыс істеу тәжірибесі мол және сақтық шараларын қатаң сақтайды.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Алматы облысындағы «Шынасыл-Сай» кен орнының ашылғанына ғасырға жуықтады
  • Алматинская область: работе акимов сельских округов придадут новый импульс
  • Алматы облысында ауыл әкімдерінің алғашқы форумы өтті
  • АИТВ-ке қарсы антиретровирустық терапия оң нәтежиесін беріп жатыр
  • Алматы облысы: «109» бірыңғай байланыс орталығы 12 мыңнан астам өтініш қабылдады