Қазақстанның энергетикалық стратегиясы: АЭС-тің экономикалық артықшылықтары

Фотосурет: «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» ҚЕАҚ

 «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» ҚЕАҚ-да «Жаһандық энергетикалық жүйедегі атом электр станцияларының (АЭС) экономикалық артықшылықтары» тақырыбында алдағы референдум мәселелеріне арналған өңірлік ғылыми-практикалық конференция өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Конференцияға Қазақстанның ірі ғылыми және оқу орындарының өкілдері, соның ішінде Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті, М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті, Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты, З.Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті, Рудный индустриалды университетінің жетекші ғалымдары мен практик мамандар қатысты.

Конференция спикерлерін университет ректоры, облыстық мәслихаттың депутаты С.Б.Қуанышбаев қатысушыларға таныстырды.

Талқылау барысында зерттеліп отырған мәселе бойынша теориялық және практикалық тәжірибесі бар спикерлер конференцияға қатысушыларға энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің, энергетикалық теңгерім саласындағы шешімдердің, АЭС-те жұмыс істеу үшін кадрлар даярлаудың негізгі мәселелерін кеңінен таныстырып, Қазақстан мен әлемдегі атом энергетикасын дамытудың тарихына, проблемалары мен перспективаларына тоқталды. Конференция барысында жел және күн электр станцияларының мүмкіндіктерін атом электр станцияларымен салыстыру бойынша сұрақтар қойылып, сәйкесінше оларға толық жауаптар берілді.

Конференция энергетика саласындағы ғалымдар мен практиктер және студенттер арасында білім мен тәжірибе алмасудың маңызды алаңына айналды. Сонымен бірге, Қазақстандағы тұрақты энергия көздеріне көшудің жаһандық үдерістеріндегі атом энергетикасының рөлін талқылауға мүмкіндік берді.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Татулық – тұрақтылық негізі
  • Алматы облысындағы «Шынасыл-Сай» кен орнының ашылғанына ғасырға жуықтады
  • Алматинская область: работе акимов сельских округов придадут новый импульс
  • Алматы облысында ауыл әкімдерінің алғашқы форумы өтті
  • АИТВ-ке қарсы антиретровирустық терапия оң нәтежиесін беріп жатыр