АЭС құрылысы: Дамыған елдердің тәжірибесі және Қазақстан

Сурет: Қорқыт ата атындағы Қызылорда университет

2024 жылғы 30 қыркүйекте Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «АЭС құрылысы: дамыған елдердің тәжірибесі және Қазақстан үшін перспективалары» атты дөңгелек үстел өтті.   

Жиында Ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Майнұр Бөрібаева сөз бастап, 6 қазанда өтетін референдумның маңыздылығын айтты.

Баяндамашылар атом энергетикасының ел экономикасындағы орны, экологиялық және энергетикалық артықшылықтары талқылады. Студенттер мен оқытушыларға атом электр станцияларының тұрақты және қауіпсіз энергия көзі ретінде алатын рөлі туралы кеңінен ақпарат берілді.

«Атомдық энергия қазіргі уақытта ең тиімді әдіс болып табылады. Сонымен қатар, АЭС қоршаған ортаға зиянды заттар бөлмейді. Соңғы 3 жылда технологиялар дамып, барлық қауіпсіздік ережелері қамтамасыз етілген»,-деді профессор Нұрбол Аппазов.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы жолдауда 6 қазан күні жалпыхалықтық рефендум өтетін айтқан. Осы ретте оқу орнында, Жолдау көрсетілген міндеттер талқыланып, өзара пікір алмасу іс-шаралары өтті.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Алматы облысындағы «Шынасыл-Сай» кен орнының ашылғанына ғасырға жуықтады
  • Алматинская область: работе акимов сельских округов придадут новый импульс
  • Алматы облысында ауыл әкімдерінің алғашқы форумы өтті
  • АИТВ-ке қарсы антиретровирустық терапия оң нәтежиесін беріп жатыр
  • Алматы облысы: «109» бірыңғай байланыс орталығы 12 мыңнан астам өтініш қабылдады