АЭС САЛЫНСА ФИЗИК-ҒАЛЫМДАРЫМЫЗ СЫРТҚА КЕТПЕЙ, ӨЗІМІЗДЕ ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН БОЛАДЫ

15.JPG

Экономикалық тұрғыдан қарайтын болсақ, Қазақстанда атом энергетикасын дамытудың мүмкіндігі көп екенін түсінеміз. Қазірдің өзінде еліміз табиғи уран өндіру көлемі жөнінен әлемде бірінші орын алады. Ядролық отын компоненттерін өндіруге технологиялық мүмкіндігіміз де жетеді. Қазір мұның бәрін шет елдер бізден шикізат күйінде алып отыр.

Атом станциясы салынса, бізге жаңа буын технология келеді, физик-ғалымдарымыз сыртқа кетпей, өзімізде жұмыс істейтін болады. Бейбіт атоммен жұмыс істей білетін жастарымыз білім алып шығады.

Атом энергетикасы экологияға да пайдасын тигізеді. Қазір біз тұтынатын қуаттың 70 пайызы көмір станцияларында өндіріледі. Бұл станциялардың 70 пайызы тозып, ескірген. Көмір түтіні ауаны ластап тұрса, көмір қалдықтары жерімізді ластайды. Атом станциясынан шығатын парник газының көлемі көмірмен салыстырғанда 135 есе төмен екені жайында да қазір ақпарат бар. Ғалымдар пайдаланылған ядролық отынды қайта өңдеудің нәтижесінде, пайдалы материалдарының 90 пайыздан астамын қайта жарамды екенін айтып отыр.

Елімізде АЭС салуға қатысты түрлі пікір айтылып жүр. Соның ішінде, бұл бастаманы Семей полигонымен салыстырып жатқандар да бар. Ядролық отынды қару ретінде пайдалану мен бейбіт мақсатта қолдану – мүлдем үйлеспейтін, бір-біріне кереғар пікір. Сондықтан тұрғындардың радиациядан зардап шегу қатері жоқ екенін айтуға тиіспіз.

Алтынсары Үмбетәлиев - Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы фракциясының жетекшісі


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • На заседании Мажилиса Парламента РК в первом чтении рассматривается проект нового Налогового кодекса
  • Жақында «Алатау лигасының» жаңа маусымы басталады
  • Алматы облысы бойынша Тексеру комиссиясының 2024 жылғы аудиторлық қызметінің негізгі қорытындылары!
  • МНЭ РК: Недополученные налоги – недостроенные школы и больницы
  • ӨҢІРІМІЗДЕ АУҚЫМДЫ ШАРАЛАР АТҚАРЫЛУДА