Мемлекеттік сатып алу және мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамаға түсіндірме жұмыс

download.jpg

Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментімен 2024 жылғы 30 шілдеде Алматы облысы әкімдігінің мәжіліс залында POLYCOM платформасы арқылы облыстың мемлекеттік мекемелері өкілдерінің қатысуымен семинар өткізілді. Семинар барысында Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары Кордай Азатович Бекмурзин тиісті аудиторлық іс-шаралар шеңберінде анықталған қаржылық бұзушылықтар туралы үшінші тұлғаларды хабардар ету бөлігінде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы қолданыстағы заңнаманың нормаларына түсініктемелер берілді.

Сонымен, қатар департамент басшысының орынбасары Елдос Ерғалиұлы Мемлекет басшысының «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа заңды қабылдау жөніндегі тапсырмасын іске асыру туралы қысқаша баяндады.

Семинар барысында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға мемлекеттік сатып алу және мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнама шеңберінде жауаптар берілді.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • “Заң мен тәртіп”
  • ҚАЙЫРЖАН ЖАҚСЫМБЕТОВ ОБЛЫСТЫҚ СПАРТАКИАДА ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІН САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ ҚҰТТЫҚТАДЫ
  • Храбрая дочь казахского народа: 101 год со дня рождения Алии Молдагуловой
  • Қазақтың қайсар қызы Әлия Молдағұлованың туғанына 101 жыл
  • Партия «Әділет» выражает искреннюю благодарность руководству и членам партии AMANAT за принятое реше