Баланың туу туралы куәлігіне SMS арқылы тапсырыс беруге болады

Баланың туу туралы куәлігін SMS арқылы өтініш беріп алуға болады.

 Баланың тууын проактивті форматта тіркеу 2017 жылдың желтоқсан айынан бастап қолжетімді. 2024 жылдын 7 айында Алматы облысында бұл қызметпен 2583 ата-ана пайдаланды.

"Тууды тіркеуге өтініш АХАТ-қа ақпараттық жүйелерді интеграциялау арқылы автоматты түрде түседі. Бала туылғаннан кейін бірден анасына сәбидің туу туралы куәлігіне тапсырыс беру туралы SMS-хабарлама келіп түседі, - деп хабарлады Алматы облысы бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы» филиалының баспасөз қызметі.

Филиалдың ақпараты бойынша барлық мәліметтер әртүрлі мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен тартылады, ал жетіспейтіндер - көрсетілетін қызметті алушыдан SMS-хабарламалар арқылы сұратылады.

 Осы қызмет түрін алу үшін электрондық үкімет порталының мобильді азаматтар базасында тіркелу жеткілікті.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • В китайском городе Иу стартовал второй сезон шоу Silk Way Star
  • Центр по борьбе с дезинформацией предупреждает
  • Обращение
  • в порядке статьи 40 Конституционного закона Республики Казахстан «О прокуратуре»
  • Қазақстанда бірқатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы төмендеді.