Алматы облысында 15 мыңнан аса жасөспірім қызға адам папиллома вирусына қарсы екпе салынады

d25ec0d3-a5f2-4b66-86d4-0918060f009c.jpg

        Жатыр мойнының обыры әйел адамдарда кездесетін онкологиялық аурулардың үштігіне кіреді. Бұл туралы баспасөз мәслихатында Алматы облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары міндетін атқарушы Айдана Мұқатқызы баяндады.

        Маманның айтуынша, дерттің негізгі себебі, жыныстық жолмен берілетін-папиллома вирусы. Вирустың 100-ден аса түрі бар, соның ішінде 14-і онкогенді саналады. Әсіресе, ең қауіпті 16-шы және 18-ші түрі.

        Айдана Мұқатқызының айтуынша, ісіктің белгілері көп жағдайда байқалмайды.Сол себепті 25 жастан асқан қыздарға жыл сайынғы скринингтен өтіп тұру қажет. Ал,вакцина-аталмыш дертке шалдықпаудың кепілі. Өйткені, вакцинациядан кейін жатыр мойны обырына тұрақты иммунитет қалыптасады.

        “ Жалпы, облыста биыл 11 жастан бастап 15 645 қыз балаға вакцинация жүргізу жоспарланып отыр. Айта кетерлігі, вакцинация тек ата-аналардың келісімімен жүзеге асырылады. АПВ-ға қарсы вакцина жатыр мойны обырының 90%-дан астам жағдайларын алдын алуы мүмкін”,-дейді Айдана Мұқатқызы

        Айта кетейік, облыста АҚШ-та жасалған 4-валентті «Гардасил» вакцинасы салынатын болады. Біріншісі қыз бала 11 жасқа толғанда, екіншісі бір жылдан кейін жасалады.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Пашинян поблагодарил Алиева
  • Республика күні қарсаңында Қазақстанда ТМД аумағында теңдесі жоқ бірегей жоба - Kia зауыты ашылды.
  • В преддверии Дня Республики в Казахстане открывается завод Kia, не имеющий аналогов на территории СН
  • Глава государства в ходе телемоста открыл автомобильный завод KIA Qazaqstan
  • Казахстан увеличил поставки бытовой химии за рубеж