Алматы облысында жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы екпе жұмыстар жүйелі жүргізілуде

3cfb195d-2910-475c-93a4-567fc347653b.jpg

Алматы облысында жануарлардың 16 түрлі аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде.  Бұл туралы баспасөз мәслихатында ветеринария басқармасының басшысы Нұртас Қиялбеков айтты.

Спикердің айтуынша, жыл басынан 414 114 бас мүйізді ірі қара және 1 500 124 ұсақ мал бруцеллезге зерттеліп, 155 ірі қара малмен 145 ұсақ мүйізді мал оң нәтиже көрсеткен. Ауру жануарлар өңдеу кәсіпорындарына санитарлық союға жіберілген.Ал, оң нәтиже көрсеткен жануарларды санитариялық союға өткізген жануарлардың иелеріне 11 млн  теңге көлемінде өтем ақы төленді. Іс-шаралардың нәтижесінде, ветеринариялық препараттар 54 пайызға қамтамасыз етіліп, 10 миллионға жуық вакцина егілген.

Нұртас Қиялбаев, өңірде 51 мал сою қорымдары жұмыс істеп жатқанын, бұдан бөлек жеке инвестиция тарту арқылы 10 мал сою пункттерін салу жоспарланып жатқанын атап өтті. Сонымен қатар, облыс әкімінің тапсырмасымен мал қорымдарының санын көбейту жұмыстары жүргізілуде, облыс аумағында 80 типтік мал қорымдары орналасқан болса,биыл Кеген ауданында 7 мал қорымның құрылысы аяқталып, қолданысқа берілді.Онымен қоса 20 мал қорымның құрылысын жүргізуге жобалық смета құжаттары дайындалып жатқанын айтты.

Облыста бұралқы иттердің қаптауы өзекті мәселелердің біріне айналды. Салдарынан жыл басынан 2 178 адамды ит қабу фактілері тіркелген. Дегенмен басқарма тарапынан қараусыз және қаңғыбас ит, мысықты аулауға 10 бригада жасақталып, 32 маман қызмет атқаруда.Нәтижесінде жыл басынан 9555 ит ауланып, зооқорғаушылар мен ит иелеріне 1 181 бас жануар қайтарылды.

 «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңын іске асыру бойынша ветеринария мамандары учаскелік полиция қызметкерлерімен бірге ит иелеріне үгіт-насихат жұмыстарын тұрақты түрде жүргізуде. Үй жануарларын ұстау ережелерін бұзғаны үшін полиция инспекторлары тарапынан 217 тұлғаға 5,2 млн теңге айыппұл салынды»,-деп корытындылады Нұртас Қиялбеков.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ
  • Татулық – тұрақтылық негізі
  • Алматы облысындағы «Шынасыл-Сай» кен орнының ашылғанына ғасырға жуықтады
  • Алматинская область: работе акимов сельских округов придадут новый импульс
  • Алматы облысында ауыл әкімдерінің алғашқы форумы өтті