Алматы облысында 242 мың адам декларация тапсырды

257aec2b-2357-4b4a-99ec-5fe27601fa4d.jpg  

Еліміздегі көлеңкелі бизнес пен жемқорлықтың алдын алу мақсатында 

“жалпыға бірдей декларация” тапсыру міндеттелген болатын. Ал,нысаның үшінші кезеңі 2024 жылдың 1 қаңтарында басталды. Бұл туралы баспасөз мәслиханда Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Берік Сағынбайұлы тарқатты.


Берік Сағынбайұлының айтуынша, декларацияны заңды тұлғалардың басшылары,жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ олардың жұбайлары ұсынуға міндетті. Нысан тұрғылықты жері бойынша тапсырылады. Декларациялауға Қазақстан Республикасы және шет елде тіркелеген мүлік есепке алынады.Сондай-ақ, жылжымайтын мүлік, жер учаскелері мен үлестері, әуе және теңіз кемелері, көлік құралдары жатады.


Мемлекеттік кірістер департаментінің Өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы Олжас Асангелдіұлының мәліметінше, өңірде 361 мыңнан аса азаматтың тек 67 пайызы, яғни 242 мың азамат міндетті нысанды өткізген.

Өңірде декларациялауды толық қамту үшін кірістер департаменті 10 мың 396 түсіндіру жұмысын жүргізген. Соған қарамастан, бұл жұмыс баяулап тұр.

Айта кету керек, декларацияны ұсынбағандар үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Бірінші рет ескерту берілсе, екінші ретінде 15AEK, толық емес мәліметтерді көрсеткені үшін 3 AEK мөлшерінде айыппұл салынады.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Алматы облысындағы «Шынасыл-Сай» кен орнының ашылғанына ғасырға жуықтады
  • Алматинская область: работе акимов сельских округов придадут новый импульс
  • Алматы облысында ауыл әкімдерінің алғашқы форумы өтті
  • АИТВ-ке қарсы антиретровирустық терапия оң нәтежиесін беріп жатыр
  • Алматы облысы: «109» бірыңғай байланыс орталығы 12 мыңнан астам өтініш қабылдады