Алматы облысының цифрлық көшірмесі толықтырылуда

48589b27-9353-40bc-aac8-9490a0a2b196.jpg

    Көшірмеге 99 сібір жарасының ошақтары енгізілді,бұл туралы ветеринария басқармасының ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және мемлекеттік қызметті көрсету бөлімінің басшысы Гүлназ Төлеубекқызы баспасөз мәслихатында баянадады.

    Цифрлық көшірмеге ветеринария бойынша осы салада жасалған жұмыстар жайлы айтты. Сөзінше, цифрлық көшірмеде  99 сібір жарасының ошақтары мен 87 көмінділері,80 типтік мал қорымдары тіркелген. Барлық аудандағы ветеринариялық бөлімдері сары түспен, сібір жарасы ошақтары қызыл түспен, мал қорымдары күлгін түспен белгіленген.

    «Көшірме қолданысқа берілгелі басқармаға түсетін өтініш саны азайып, жұмыс оңтайланды. Жүйеде кез келген адам ветеринария бөлімшелеріне кедергісіз хабарласуына жағдай жасалған. Ай сайын көшірме жаңартылып, мониторинг жүргізіліп отырады»,- Гүлназ Төлеубекқызы.

    Цифрлық платформада төтенше жағдайлар бойынша да ақпаратты алуға болады. Бұл жайында ТЖД ақпараттандыру цифрландыру және байланыс тобының аға инженері, Азаматтық қорғау аға лейтенанты Азат Жұмағазыұлы айтты.

    Мәселен, көшірмеде өңірдегі 57 сел,195 көшкін, және 20 су тасқыны қаупі бар жер тілімдері туралы ақпарат алуға болады.

    Төтенше жағдайларға байланысты мәліметтердің барлығы жүйеге енгізілген. Оның ішінде су гидранттары, өрт сөндіру станцияларының орналасу орны, су қоймалары, мореналдық көлдер, дабыл жүйелерінің орналасқан пункттері, селге, топырақ көшкініне, қар көшкініне қауіпті аймақтар, химиялық қауіпті нысандар, шомылуға тыйым салынған жерлер т.б. ақпарат бар», - деді спикер.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ақпараттық хабарлама
  • Алматы облысында Республика күніне орай 170-тен астам іс-шара өткізіледі
  • Алматы облысында 500-ге жуық мемлекеттік ту балкондар мен қоғамдық орындарға ілінеді
  • Алматы облысында 87 мыңнан астам адам әлеуметтік төлем алды
  • Алматы облысында өрт оқиғасы 5,2%-ға азайған