ТАЗАЛЫҚ ТАБАЛДЫРЫҚТАН БАСТАЛАДЫ

0bec7306-a217-413f-9ebf-c163061a0988.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Республика көлемінде жүзеге асырылып жатқан  «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында әр бейсенбі күндері  аудан көлемінде тазалық жұмыстары жүргізіліп келеді.

Әр отбасының табалдырығынан бастау алған тазалық жұмыстары «Таза көше», «Таза ауыл» және «Таза саябақтар» тақырыптарында жүзеге асырылып, аудан көлемінде бірқатар іс-шаралар атқарылып келеді.

Аталмыш акция аясында атқарылған тазалық жұмыстарының нәтижесінде ауыл көшелері күл – қоқыстардан тазаланып, көше бойындағы ағаштар әктеліп, саябақтардағы балалар ойын алаңдарына жөндеу, сырлау жұмыстары жасалынды.  

d4db1396-3106-4a43-ac45-3c3138e98bcc.jpg

Апта сайын атқарылып жатқан тазалық жұмыстарына мекеме қызметкерлері, кәсіпкерлер және ауыл тұрғындары атсалысуда.

  Республика көлемінде қолға алынған акцияның басты мақсаты - экологиялық сана мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру және нығайту, ауыл ажарына ұқыптылықпен қарау, қоршаған ортаның тазалығын сақтап, әсемдігін келер ұрпаққа жеткізуге зор үлес қосатындығы айдан анық.

«Таза Қазақстан» идеясының артында өзіміздің туып - өсіп, тұрып жатқан өңіріміздің тазалығын сақтап, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттырып, экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселесі жатыр.

Сондықтан да аталмыш акция аясында қолға алынған тазалық жұмыстарын біркісідей атқарып, тазаланған жерлерді таза ұстайық, ағайын дегім келеді!                         

                     

                                                                                                                                                                                                                                               Өз тілшімізден.

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ұлттық ресурстардан түсетін табыс болашақ ұрпақты қолдауға бағытталады
  • Доходы от национальных ресурсов направляются в поддержку будущего поколения
  • О начислении целевых выплат за 2025 год в рамках программы «Нацфонд – детям»
  • «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында нысаналы талаптардың 2025 жылға есептелгені туралы
  • По 130,71 $ начислены на счета юных казахстанцев