Алматы облысында соңғы 6 айда 3000-нан астам жас жұмыспен қамтылды

453881681_932982595254305_2060795524775262434_n.jpg

Бүгінде Алматы облысында халық саны 1 млн. 540 мың 600 адамды құрайды, соның ішінде 14 жастан 35 жасқа дейін жастар саны  426 117 адамды құрайды.

Аймақта жастарды жұмыспен қамту, NEET  санатындағы жстарды жұмыспен қамтуға басымдық берілген.  Қазіргі кезде NEET санатындағы жастар саны 46 мыңнан 33 мыңға азайды.

Облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысының міндетін атқарушы Ләззат Мырзабекованың айтуынша, жыл басынан бері 3206 адам жұмысқа тұрған, оның 1150-і тұрақты жұмыспен қамтылған.

«Жастарды әлеуметтендіру және қолдау мақсатындағы «Кеңес орталығы» жұмыс жасайды. Соның арқасында 2056 жас Субсидияланған жұмыс орындарына жіберілді. Тарқатар болсақ, 103 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 1330 жас қоғамдық жұмыстарға, 316 -ы бірінші жұмысқа, 11-і ұрпақтар келісім-шартына, 296 адам жастар практикасына жіберілді»,- деді Ләззат Оразбекқызы .

Айта кетейік, жастар облыс халқының 27,7 пайызын құрайды. Жастардың 66 227-і (15,5%) қалада, 359 840-ы (84,5%) ауылдық елді мекенде тұрады.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Глава государства отметил, что саммит проходит в период, когда сама значимость форума подвергается с
  • Мемлекет басшысы саммит форумның маңызына елеулі сын-қатер төніп тұрған кезеңде өтіп жатқанын айтты
  • Глава государства выступил на VII саммите СВМДА
  • Мемлекет басшысы АӨСШК VII саммитінде сөз сөйледі
  • Мемлекет басшысы Израиль Президенті Ицхак Герцогпен кездесу өткізді