ҚАЗАҚСТАНДА СУ ТАПШЫЛЫҒЫ ҚАУПІ БАР: БҰЛ МӘСЕЛЕНІ ШЕШУДЕ ҒАЛЫМДАРДЫҢ КӨЗҚАРАСЫ

d78612bb-dbd3-4028-93b9-694f47c988e8.jpgfc7b25ba-18df-4470-94fb-968385bf17c6.jpg

"Ауыл шаруашылығы - біздің негізгі ресурсымыз": Алматы облысында "Егінжай күні" өтті.


Алматы облысында ауыл шаруашылығы саласын дамыту мәселелерін талқылау үшін үкімет, ғылым және бизнес өкілдерін жинаған дәстүрлі жыл сайынғы "Егінжай күні" шарасы өтті. Айта кету керек, бұл шара Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының тікелей атсалысуымен өткізіліп, тәжірибе алмасу, жаңа технологиялар мен өсімдік сорттарын енгізу платформасы ретінде маңызды рөл атқарды. 


Шараның ашылуында сөз сөйлеген Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев

"Ауыл шаруашылығы - біздің негізгі ресурсымыз. Саланы дамыту жолында қойылған міндеттерді заманауи технологияларды енгізе отырып, бірлесіп және сапалы орындау қажет!", - деді. 


Өңір басшысы ауыл шаруашылығы әдістерін жетілдірудің маңыздылығын атап өтіп, облыстың жетістіктерімен бөлісті:

✅ Ауыл шаруашылығы - облыс экономикасының негізгі драйвері, оның тұрғындарының 84 пайызы ауылда тұрады;

✅ 2024 жылдың алғашқы жартыжылдығында АӨК жалпы өнімі 190,1 млрд теңгені құрады, нақты көлем индексі 106,5 пайызға жетті;

✅ Өңір жалпы ауыл шаруашылығы өнімі көлемі бойынша республикада екінші орында және оның үлесі 12,1 пайыз.


Биылғы жылы іс-шараға Алматы, Жамбыл облыстарының әкімдері мен Жетісу облысы әкімінің орынбасары, су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі, ауыл шаруашылығы вице-министрі, еліміздің жетекші ғалымдары, ірі агрохолдингтер мен фермерлік шаруашылықтардың өкілдері қатысты.


Талқылауға түскен басты тақырып - су ресурстарының тапшылығы мәселесі және оны шешу жолдары болды. Қатысушылар су үнемдеудің инновациялық технологияларын: тамшылатып суаруды, топырақ ылғалдылығы сенсорларын, су ресурстарын цифрлық жүйемен басқаруды енгізу қажеттігін атап өтті.


Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев Қазақстанда 2030 жылға қарай су ресурстарының көлемі 15 пайызға азаюы мүмкін екенін, бұл ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіретінін айтты. Ол су ресурстарын ұқыпты пайдалануға шақырды, елде әлі де көп көлемде топырақты арналармен суару жүйесі қолданылатынын және суды жеткізу кезінде көп шығынға ұшырайтынын атап өтті.


"Су үнемдеу технологияларын белсенді түрде енгізу қажет. Бұл теория емес, ауыл шаруашылығы дақылдарының су тұтыну көлемін қысқартып, өнімділікті арттырудың нақты мүмкіндігі", - деп атап өтті Ақылбек Күрішбаев.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ
  • Татулық – тұрақтылық негізі
  • Алматы облысындағы «Шынасыл-Сай» кен орнының ашылғанына ғасырға жуықтады
  • Алматинская область: работе акимов сельских округов придадут новый импульс
  • Алматы облысында ауыл әкімдерінің алғашқы форумы өтті