Елдос Сметов олимпиада чемпионы атанды

8a5d7f3c-a4fd-43fd-b1de-3a2c776da7eb.jpg

8a5d7f3c-a4fd-43fd-b1de-3a2c776da7eb.jpg

Сүйінші! Франция астанасы – Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында Қазақстанға алғашқы алтынды дзюдошы Елдос Сметов сыйлады.

Қазақ балуаны Париждегі ойындардың финалында Лука Мхеидземен (Франция) күресіп, қарсыласынан басым түсті.

Айта кету керек, тараздық татами шебері осыған дейін 2016 жылы Рио Олимпиадасында финалға шыққанымен қарсыласына есе жіберіп, күміс медальға ие болған еді. Ал Токиодағы ойындарда Торнике Чкадуаны жығып, үздік үштіктен көрінді. Ал бүгін Елдос өміріндегі басты белдесуде бар шеберлігін паш етті.

Жалпы Сметов үшін Парижде жеребе оңай болған жоқ. Іріктеуде Торнике Чкадуаны (Нидерланд), Дильшот Халматовты (Украина), ширек финалда Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері Янг Ю Вейді (Тайпей) жыққан. Ал жартылай финалда әлем чемпионы, Еуропа чемпионатының 3 дүркін жеңімпазы Франсиско Гарригостан (Испания) қосымша уақытта (golden score) айласын асырды.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казахстан, Кыргызстан, Туркменистан и Молдова названы самыми безопасными странами
  • Жоғары оқу орындары мен ғылым жүйесінде жаңа Конституцияның құндылықтары мен нормаларын іске асыру
  • “Таза Қазақстан”
  • Дипломатия Токаева меняет баланс сил в Центральной Азии - эксперт Саян Абаев Саян Абаев
  • Казахстан усиливает стратегическую роль в Центральной Азии