АҚКӨЛДЕГІ АУЫЗСУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ

e3316f71-be1b-4ba5-9c85-778e843eda54.jpg

Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауында алдағы бес жылдың ішінде қалалар мен ауылдарды 100 пайыз таза ауызсумен қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Өйткені ауызсу таза әрі сапалы болмаса адамдардың денсаулығына кері әсерін тигізеді. 

 Президенттің тапсырмасына сәйкес еліміздің  бірқатар өңірінде халықты таза әрі сапалы  ауызсумен қамтамасыз ету  мақсатында  жүйелі жұмыстар қолға алынып, жоспарға сәйкес атқарылуда. Республика көлемінде қолға алынған ауқымды жұмыс біздің ауданда да жоспарға сәйкес жасалуда.

Аудан көлемінде ауызсу құбыры жүргізіліп жатқан ауылдардың бірі - Ақкөл ауылдық округі.  Ауыл тұрғын-дарының сұранысына сәйкес қолға алынып, құрылыс жұмыстары жасалып жатқан  ауқымды жұмыстың мән – жайын көзбен көру мақсатында   өткен аптада аудан әкімінің орынбасары Марлан Жолдахмет арнайы барып, ауылдық Мәдениет үйінде ауыл тұрғындарымен кездесу жиын өткізіп, су құбыры жүргізіліп жатқан құрылыс аймағын аралап,  жұмыстың беталысын байқап қайтты. 

Ауылдық Мәдениет үйінде өткен жиында ауыл тұрғындары ел игілігі үшін жүргізіліп жатқан  ауызсу құбырының талапқа сай және сапалы жасалса деген ұсыныстарын білдіріп, көше жарығы, балалар ойын алаңы жайында мәселелерді ортаға салды. Жиынды қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары аудан көлемінде атқарылып жатқан құрылыс жұмыстарының бар-лығын аудан басшысының назарында тұрғандықтан бұл шаруалардың аяқсыз қалмайтынын және жиында  көтерілген барлық мәселелер бақылауға алынатынын айтты.

Мұнан соң Марлан Халдиханұлы ауыл әкімінің міндетін уақытша атқарушы Дарын Ноғайбаев және ауылдық Ардагерлер кеңесінің мүшесі Бейсебай Төстікбаевпен бірге ауыл көшелерін аралап, ауызсу құбыры жүргізіліп жатқан құрылыс жүйесімен танысып шықты.

Оларға ауқымды жұмыс-тың мән – жайын егжей - текжей түсіндірген «Асылтас» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас инженері Әділ Салимов мамыр айында бастаған ауызсу құрылысы қазан айында толық- қанды аяқтап, халыққа пайдалануға беретінін және жоспарланған 15 шақырымның бүгінгі таңда 4 шақырым 994 метр жерді қазып, қазылған жерлерге су құбырлырын жүргізіп  қойғанын, сонымен қатар орнатылатын жаңа су қоймасы 25 текше метрлік екені және су қоймасына 350 метр терендіктен 4 бірдей құрылғылар  су сорып жеткізетінін айта келе, жұмыстың жалпы жүйесін сызба арқылы  таныстырды. Сондай – ақ осы ауылға 2005 жылы жүргізілген 7 шақырымдық ауызсу құбыры жаңа құбыр іске қосылғанша жұмыс істеп тұратын да тілге тиек етті.

«Өңірлерді дамыту 2020-2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында қолға алынған ауызсу құбырының құрылыс жұмысына ауыл тұрғындары  да жұмысқа алынған. Өйткені «Асылтау» ЖШС - нің бас инженері Әділ Салимов әңгіме барысында ауыл тұрғыны Айдос Тілешев пен Қайрат Қалқанбаев әртүрлі  жұмыстарды жасаса, Элмира Сәбекова мен Гүлзат Айтмағанбетова аспазшы болып өз жұмыстарын тиянақты атқарып жүргендерін ерекше атап өтті.

Сапар барысында су құбырларын бір - біріне жалғап, қазылған жерлерге орнатып, өз міндеттерін ойдағыдай атқарып жүрген жұмысшылар Серікжан Жарқынбаев пен Михаил Велигко сынды азаматармен сұхбаттастым. Олар осыған дейін республика көлемінде бірқатар өңірлерде ауызсу құбырын жүргізіп,  тәжірибе жинап, бұл жұмыстың қыр – сырын жетік меңгеріп алғандарын айтып, құбырлар жалған жерлердің сапалы болуының  маңыздылығын түсіндірді.  Кәсіпқой мамандардың құрыш қолдарымен жасалған барлық құрылыс жұмыстарын осыған дейін бірде - бір рет ақау шықпапты. Өздерін су құбырын жүргізудің нағыз хас шебері етіп көрсеткен азаматтарға бізде кәміл сенім білдірдік.

 «Су – тіршілік көзі» деп халқымыз текке айтпаған. Адам да, табиғат та сусыз өмір сүре алмайды. Су – біздің өміріміз бен денсаулығымыздың қайнар көзі.

Сондықтанда Тәуелсіз мемлекетімізді өркендету мақсатында елімізде ха-лықты таза әрі сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 2002 - 2010 жылдарға арналған

«Ауыз су» бағдарламасы, одан соң 2011 - 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы жүзеге асырылған болатын. Халықты таза ауыз сумен қамтуға бағытталған жобалардың жалғауының нәтижесінде  аудан бойынша 20 елдімекенде орталықтандырылған ауызсу құбыры жүргізіліп, тұрақты жұмыс жасауда.

Ендігі мәселе қолданыста тұрған ауызсу құбырларына жөндеу немесе жаңарту жұмыстарын жүйелі жүргізіп, аудан тұрғындарын таза әрі сапалы ауызсумен қамтамасыз ету мәселесі жоспарға қойылған.

                         

 Бақтығали ДӘУІТБАЕВ, Балқаш ауданы.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Алматы облысындағы «Шынасыл-Сай» кен орнының ашылғанына ғасырға жуықтады
  • Алматинская область: работе акимов сельских округов придадут новый импульс
  • Алматы облысында ауыл әкімдерінің алғашқы форумы өтті
  • АИТВ-ке қарсы антиретровирустық терапия оң нәтежиесін беріп жатыр
  • Алматы облысы: «109» бірыңғай байланыс орталығы 12 мыңнан астам өтініш қабылдады