«ASPAN FEST» фестивалі өтті

4d6f3389-47ab-461a-b013-630c4d48330a.jpg76b8090a-e5e7-4de4-ae3a-2e842b72bda7.jpg255a1c7c-3d05-4fcc-939a-13ae251dc644.jpg88f7c698-18d8-47f6-b8f3-86cfae7d0985.jpg

Алматы облысының әкімдігі мен «Аспан ФМ» радиосы бірлесіп, ағымдағы жылдың 8 маусым күні  Алматы облысының орталығы Қонаев қаласында облыс орталығының екі жыл толуына орай «ASPAN FEST» фестивалі өткізілді!

Фестивальде Музарт, Әбдіжаппар Әлқожа, Серік Ибрагимов, Еркеш Хасен, «Үшқоңыр» фольклорлық-этнографиялық ансамблі және қазақ эстрадасының басқа да көптеген жарық жұлдыздары өнер көрсетті. Алаңға 12 мыңнан аса адам жиналды.

Сондай-ақ, шара аясында көпшілікке түрлі сыйлықтар ойнатылып, Алматы облысының қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Д.Әлиев өз сұхбатында: Бұл фестивальдің тек бастамасы ғана! Жаз бойы әр сенбі сайын қала тұрғындары мен қонақтарын дәл осы алаңда елімізге танымал әншілердің өнерін тамашалауға шақырамыз! – деді.

4d6f3389-47ab-461a-b013-630c4d48330a.jpg

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Ұлы дала жорығы» марафонына әлемнің 15 елі қатысады
  • жылыту маусымы нәтижелі аяқталды
  • Алматы облысында 25 жылдық кепілмен салынған жолдардың жағдайы депутаттық сынға ілікті
  • В Алматинской области состояние дорог с 25-летней гарантией вызвало резкую критику депутатов
  • Алматы облысында жазғы лагерьлерге талап күшейтілді