Зайырлылық – қазақ қоғамының рухани дамуының кепілі

        Қазақстан әлем бойынша зайыры мемлекет ретінде танылады. Елімізде әр түрлі дін өкілдері өзара бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп жатыр. Біздің басты мақсатымыз – жастарымыздың деструктивті діни ағымдардың ықпалына түсуіне жол бермеу. Сондықтан, оларға мұны түсіндіріп, дұрыс бағдар көрсетуіміз керек.

    Біз зайырлы ел дегенде дінсіз адамдар немесе белгілі бір дәрежеде дінге қарсы шығатын халық өмір сүреді деп түсінбеуіміз керек. Керісінше болашағы айқын, елде қалыптасқан жағдайларға байланысты халықтың сұранысына көзделген шешімдер қабылданған деп айтуымыз керек. X ғасырда билік құрған Қарахан мемлекеті сияқты ислам дінін мемлекеттік дін деп бекіте алмаймыз. Өйткені қазіргі таңда қазақ жерінде 130 дан астам ұлттар мен 18 конфессия өкілдері өмір сүріп жатыр.

Қазақ елі зайырлы бағытты ұстанумен қатар рухани даму жағында шет қалдырған емес. Дінді мүлдем шетке сырып тастаған жоқ. Дін және салт-дәстүр, әдет-ғұрып тағыда басқа рухани дамуға байланысты мәселелер арқылы Қазақстан азаматтарының рухани  байлығын арттыруда. Ешқандай адамға заң жүзінде сен осы дінді ұстан деп зорлық-зомбылық көрсетілмейді. Әрқандай адамның сенім бостандығы, қалау еркі бар. Әркім өз білгенінше Құдайына жалбарынып жатыр. Немесе сен міндетті түрде осы тілде сөйлеуің керек, осы дәстүрді қалтқысыз ұстануың керек деген міндеттемелерде жоқ. Мұның бәрі зайырлы ұғымының аясында өрбіп жатқан әрекеттер.

Қазақстан жері- бүкіл әлемдік діндердің: буддизмнің, христиандықтың және исламның, зороастризмнің де, иудаизмнің де тоғысқан жері. Қазақ халқы діни көзқарасы мен діни наным-сенімі айқын да терең, ұлттық және діни мәдениеті  жоғары,иманды, имани түсінігі мол әлемдегі санаулы ұлттардың қатарына жатады. Исламды қабылдап, Аллаға шын жүрегімен берілген біздің арғы тегіміз, ата-бабаларымыз бізге бірліктің, тұтастықтың ұлы үлгілерін қалдырып кетті.Қазақ халқының ғасырлар бойы молынан жиналған рухани мұрасы бүгінде кез келген теріс пиғылды жалған дінге де, ұлттық мәдениетімізге жат мәдениетке де қарсы тұруға әбден жетеді.

Қоғамда зайырлылық қағидаттарымен қатар діни қызмет және ұлттық құндылықтар әрдайым өз арнасымен жалғасып, насихатталып келеді. Оның насихатталуы мен нығаюы – Қазақстан дамуының басты нәтижелерінің бірі. Өйткені, дін де ұлттың ұлы құндылықтары тұрақтылық пен бірлікке қызмет ететіні аян.  Осы тұрғыдан алғанда, еліміздің тұрақтылығына, дамуына, береке-бірлігімізге нұқсан келтіретін жат түсініктің алдын алу – әрқайсысымыздың негізгі міндетіміз.

                                               Алматы облысы «Дін саласындағымәселелерді 

                                     зерттеу орталығының» дінтанушы 

           маманы С. Құдайберген


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Татулық – тұрақтылық негізі
  • Алматы облысындағы «Шынасыл-Сай» кен орнының ашылғанына ғасырға жуықтады
  • Алматинская область: работе акимов сельских округов придадут новый импульс
  • Алматы облысында ауыл әкімдерінің алғашқы форумы өтті
  • АИТВ-ке қарсы антиретровирустық терапия оң нәтежиесін беріп жатыр