«БАЛҚАШТЫҢ ӘЗ АНАСЫ» АТАНҒАН ХАНШАЙЫМ ИСАЕВАНЫҢ ҒАСЫРЛЫҚ ТОЙЫ АТАЛЫП ӨТТІ

      59567f85-3d14-428a-a375-8b17796ae3c0.jpg

     Ұлы Отан соғысы жылдарында ел-жұртына еселі еңбек сіңірген тыл ардагері, ауданның Құрметті азаматы, тіршілігінде «Балқаштың әз анасы» атанған Ханшайым Исаеваның туғанына 100 жыл толуына орай марқұмның есімі мен өнегелі һәм ғибратты ғұмырын жас ұрпаққа насихаттау, дәріптеу, еске алып, рухына тағзым етіп, қазақтың қыз-келіншектерінің бойындағы әдептілік, инабаттылық,  ұлттық дәстүрімізге сай қасиеттерге  бағыт-бағдар бере отырып, олардың   қарапайымдылық пен ибалылық,  әсемділік, өнерге деген қызығушылық, сахна мәдениетін, шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында «Балқаштың Ханшайымы» тақырыбында қыз-келіншектер арасында аудандық байқау болып өтті.

Өңіріміздің өсіп-өркендеуіне сүбелі еңбек сіңірген ар-дақты аналарымыздың есімін жаңғыртып, еңбегін дәріптеу, құрмет көрсетіп, тағзым ету мақсатында ұйымдастырылған байқауға аудан көлеміндегі әр ауылдық округтерден 20-36 жастағы үміткерлер қатысып, байқау шарты бойынша өз өнерлерін көрсетіп, сынға түсті.

d6b0db4b-fed1-487e-9ba8-9d3ad080f9ad.jpg

«Балқаштың әз анасының» ғасырлық тойына арналған аталмыш іс-шараның шымылдығын аудан әкімі Азат Құтпанбетов түрді.

Аудан басшысы өз сөзінде тіршілігінде ел мен жердің құрметіне бөленген әз ананың жүріп өткен жолдарымен, қол жеткізген биіктерін айта келе, «нағыз қазақ аналары Ханшайым анамыздай болу керек» деп өз сөзін түйіндеді.

Сынға түскен арулар байқаудың «Ұлттық киім - ұлт бейнесі»  номинациясы бойынша қазақы нақыштағы, күнделікті тұрмыста, қызметте немесе кештерге киюге арнал-ған киім үлгілерін насихаттаса, ал екінші шарт бойынша «Менің болмысым» номинациясында  - Әр қатысушы өзін қазақ тілінде еркін тақырыпта таныстырды.

1a113f9d-404b-4461-9cd3-7678af4361a5.jpg

Сонымен қатар «Өнерім-өмірім» номинациясы бойынша - әр үміткер сахна төрінде ән, би, мәнерлеп оқу, әртүрлі ұлттық аспапта ойнау сынды өз өнерлерін ортаға салды.

Келесі кезекте үміткерлер «Білімді - мыңды жығады»  номинациясы бойынша – ауданға есімдері кеңінен танылған Ұлы Отан соғысы жылдары ел-жұртқа еңбегі сіңген  тыл ардагерлері Ханшайым Исаева, Жібек Иманбаева,  Қания Жақтыбекова,  Бәтима Алпысбаева, Қанапия Оразбаева, Жексенбике Ахаева, Тауықбала Құлымбаева, ССР Жоғарғы Советінің депутаты болған Әлиман Абдрахманова  сынды аналарымыздың  өмірбаяны мен еңбек жолдары жайында қойылған сұрақтарға жауап берді.  

Байқаудың соңы «Ұлттық тағам - ұлт мақтанышы»  номинациясы бойынша – үміткерлер  өздері дайындап әкелген ұлттық тағамның дайындалу жолдарын және оның құрамын, адам ағзасына пайдалы тұстарын түсіндірді. 

Өз өнерлерін көрсеткен үміткерлер сахна төрінде тамылжыта ән салып, би билеп, Ханшайым Исаеваға жыр арнаса, енді бірі әз ананың суретін қыл қаламмен салып келген.

«Балқаштың Ханшайымы» байқауын қорытындылай келгенде Ақжар ауылының намысын қорғаған Айгерім Байділдаева бас жүлдені жеңіп алды. Ал І-ші орын иегері Ақкөл ауылыүшщұ.щ құзның үміткері Жазира Темірбекова иеленсе, ІІ-ші орынға Балатопар ауылынан келген Әмина Еркінқызы табан тіресе, жүлделі ІІІ-ші орынды бабақтылық Перизат Қыдырбай місе тұтты. Сонымен қатар «Үздік таныстыру» номинациясымен ақдалалық Мерей Кәдірхан, «Үздік ұлттық киім» номинациясымен Құйған ауылының тұрғыны Уыз Ысқақ, «Үздік ұлттық тағам» номинация бойынша Көктал ауылынан қатысқан Мадина Төлеубекова, «Үздік өнер» номинациясы бойынша Бақанас ауылының үміткері Сәулет Мейрамбек марапатталды. 

Ал байқауға қатысып бақ сынаған барлық үміткерлер мен олардың көрсеткен өнерлерін бағалаған әділқазылар алқасына арнайы дайындалған Алғыс хаттар мен ақшалай сый-сияпаттар табысталып, марапатқа ие болды.

Байқаудың бас жүлдесін табыстау кезеңінде Ханшайым апаның шөбересі Нұрдана Нұртасқызы сахна төріне көтеріліп, өзін-өзі өлең шумақтарымен таныстырып, жеңімпаздың ханшайым тәжісін табыстады.

Шара соңында еңбек және тыл ардагері, ауданның Құрметті азаматы болған Ханшайым Исаеваның ұлы Смағұлов Сайран Сейткемелұлы қорытынды сөз сөйлеп, осындай байқауды өткізудегі негізгі мақсатқа баса тоқталып, бүгінгі жастардың ұлттық салт-дәстүрді берік ұстанып, байырғы аналардан мирас болып сақталып келе жатқан қасиетті құндылықтарды жоғалтпай, орамал тарту дәстүрін жаңғыртуды насихаттады. Сонымен қатар байқауға қатысып, бақ сынаған арулардың отбасына амандық, дендеріне саулық тілеп, өзінің жүрекжарды алғысын білдірді.

Осылайша Ұлы Отан соғысы жылдарында ел-жұртына еселі еңбек сіңірген тыл ардагері, Балқаш ауданының Құрметті азаматы Ханшайым Исаеваның туғанына 100 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Балқаштың Ханшайымы» атты аудандық байқау Балқаш топырағында ел е сінде біразға дейін сақталатындай дүбірге толы әрі тарт ымды өтті. 

                                        Бақтығали МЕЙРАМБЕКҰЛЫ, «Балқаш өңірі».

 

  

 

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Татулық – тұрақтылық негізі
  • Алматы облысындағы «Шынасыл-Сай» кен орнының ашылғанына ғасырға жуықтады
  • Алматинская область: работе акимов сельских округов придадут новый импульс
  • Алматы облысында ауыл әкімдерінің алғашқы форумы өтті
  • АИТВ-ке қарсы антиретровирустық терапия оң нәтежиесін беріп жатыр