ДАЛА ТӨСІНДЕ ӨТКЕН ЖИЫН

Өткен аптада ауданымызға облыс әкімінің орынбасары Алмас Батанов арнайы келіп, Бірлік ауылдық округіне қарасты Агрофирма «Бірлік» ЖШС-нің егіс алқабында суармалы егіс алқаптарында ауылшаруашылық тауарларын өндіруші шаруашылық басшыларымен кездесу өткізді.

    Көктемгі дала жұмыстарының орындалу барысын пысықтау мақсатында өткізілген жиынға аудан әкімі Азат Құтпанбетов, аудандық кәсіпкерлік және ауылшарушылығы бөлімінің басшысы Дархан Төлеубек, аудандық жер қатыныстар бөлімінің басшысы Ғалым Нарбаев, сондай-ақ Миялы, Бақбақты, Бірлік, Ақдала және Береке ауылдық округ әкімдері қатысты.

   Дала төсінде өткізілген жиын барысында облыс әкімінің орынбасары Алмас Сұлтанұлы егін егумен тұрақты айналысатын шаруашылықтарға мемлекет тарапынан берілетін жеңілдетілген жанар - жағар май және минералдық тыңайтқыштарды пайдалану жөнінде түсіндіріп, шаруашылық басшылары тарапынан қойылған сауалдар мен сұрақтарға жауап берді.

Сонымен қатар кездесу жиында аудан экономикасын көтеру үшін - ең бірінші суармалы жерлерді тиімді пайдалану қазіргі уақыт талабы екеніне және ауыл шаруашылық өнімдерінің сапалы болуына ерекше назар аударылып, азық – түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері әңгіме өзегіне айналды.

Сөз орайы келгенде аудан басшысы Азат Үкітайұлы аудан көлеміндегі суармалы жерлерге егін егумен тұрақты айналысатын қанша шаруашылық бар екенін және биылғы жылы қанша гектар суармалы жерге егін егілетінін, көктемгі дала жұмыстары басталғалы қанша гектар суармалы жерге арпа-бидай егілгенін, сонымен қатар күріш дақылының егіс көлемін айтып өтті.

Осы орайда шаруашылық басшылары да өз ойларын ортаға салып, мемлекет тарапынан ауылшаруашылық саласына беріліп жатқан жеңілдіктер жайында әңгіме өрбітті.

Дала төсінде өткен жиынды қорытындылаған облыс әкімінің орынбасары аудан диқаншыларына ерте көктемнен бастап егіс алқапта таңның атқанынан, кештің батқанына дейін тынымсыз атқарып жатқан   еңбектеріне толағай табыстар тіледі. 

Сондай-ақ аграрлы ауданның негізгі саласының бірі - егін шарушылығы болғандықтан, суармалы егіс алқаптары мен ауыспалы егіс көлемін тиімді әрі дұрыс  пайдалану, егіс көлемін жылдан-жылға арттыру диқаншылар қауымының басты қағидасы екеніне баса тоқталды.

                                                                                Өз тілшімізден.

 

    

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Татулық – тұрақтылық негізі
  • Алматы облысындағы «Шынасыл-Сай» кен орнының ашылғанына ғасырға жуықтады
  • Алматинская область: работе акимов сельских округов придадут новый импульс
  • Алматы облысында ауыл әкімдерінің алғашқы форумы өтті
  • АИТВ-ке қарсы антиретровирустық терапия оң нәтежиесін беріп жатыр