КҮРІШ ЕГУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

c4156ff2-854a-47f5-b9bc-575420529a95.jpg

Арпа-бидай егу жұмыстары аяқталған бетте аудан диқаншылары жылдағы дәстүрге сай дала төсін дүбірге бөлеп, күріш егу жұмыстарына кірісіп кетті.  Ерте көктемде кетпен – күректерін қолған алған диқаншылар қауымы аудан көлемінде 7697 гектар суармалы жерге арпа – бидай дақылдарын егіп қойған болатын-ды. Ал 7000 гектар жерге күріш егуді жоспарлап, қазіргі таңда жоспарланған егіс алқабының 1340 гектарына күріш дәнін сіңіріп, оның 860 гектарын сумен бастырып та үлгерді.

5d61f632-ccf6-4bae-b412-98057c62e632.jpg

Күріш егу науқаны аудан әкімінің тікелей назарында тұрғандықтан, осы салаға жауапты мамандар егіншілікпен айналысатын шаруашылық-тармен тығыз байланысып, олардың күнделікті атқарып жатқан жұмыстарын жіті бақылап отыр.

Жауапты науқанға білек сыбана кіріскен шаруашылықтар арасында Агрофирма «Бірлік», «Динара» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері мен «Марат» шаруа қожалығы қар-балас жұмыстың қарқынын еш бәсеңдетпестен көш бастап келеді.

Диқаншылардың бүгінгі таңда атқарып жатқан жұмыс қарқынын көзбен көру мақсатында осы аптада аудан орталығына жақын орналасқан бірқатар шаруашылықтарды аралап қайттық.

caba9153-4d6d-4e6e-aaa6-8d85558ede93.jpg

Сапар барысында  Ақдала ауылдық округіне қарасты «Өтес – Ақдала» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің № 1 бөлімшесіне атбасын бұрдық. Аталмыш шаруашылықтың бөлімше басшысы Айдын Сапарғазин алдымен бізге жоңышқа алқабында жапырақ жегіш бізтұмсық (Фитономус) дернәсілдеріне қарсы химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізіп жатқанын көрсетіп, механизатор Айқын Көпбосыновқа химиялық дәріні өсімдіктерге шашу кезінде қауіпсіздік шараларын сақталуын түсіндірді.

Мұнан соң Айдын Сапарғазин күріш алқабын-да атқарылып жатқан жұмыс-тармен таныстырып, 200 гектар жерге күріш егуді  және бүгінгі таңда оның 100 гектарына дән сеуіп қойғанын айта келе, күріш дәнімен бірге «Аммафос» тыңайтқышын қолданып жатқанын да баяндап берді.

Көктемгі дала жұмыстарына тыңғылықты дайындалған ди-қаншылар күріш егу науқанына бес «МТЗ-80 тракторлары мен төрт соқа, төрт жер тегістегіш, үш тырма және екі тұқым сеп-кіш жұмылдырыпты.

Жауапты науқанға біркісідей атсалысып жатқан жұмысшылар арасында механизатор Болатбек Мейрамбекұлы мен оның көмекшілері - Мейрам Кәрібаев пен Қанат Әлжанов өздеріне жүктелген барлық тапсырманы мүлтіксіз орындап жүргендерін де байқадық.

«Көктемнің бір күнін-жылға азық» санаған диқаншылар қауымының бүгінгі атқарып жатқан жұмыстарының бейнеті ұшан-теңіз десек те болады. Өйткені олар ерте көктемнен бастап, алажаздай атқарған ауқымды жұмысының жемісін тек коңыр күз келгенде ғана дәмін татады. Бұл нағыз ерен еңбектің үлгісі. 

Ұлан-ғайыр даланы ақ най-заның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап қалған ата-бабаларымыз кейінгі ұрпағына өмірлік ұлағат ретінде ең бастысы – еңбекті мұра етіп қалдырған ғой.  Міне, сол  адал еңбек пен маңдай тердің игілігі әрине, өз алдына маңызды дү-ние.

«Еңбекпен тапқан нан тәтті» демекші, аудан диқан-шыларының атқарып жатқан бүгінгі  жұмыстарының жемісті болуына тілектес болайық, ағайын!

                                                                            Бақтығали ДӘУІТБАЕВ, «Балқаш өңірі». 

 

                              

 

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ақпараттық хабарлама
  • Алматы облысында Республика күніне орай 170-тен астам іс-шара өткізіледі
  • Алматы облысында 500-ге жуық мемлекеттік ту балкондар мен қоғамдық орындарға ілінеді
  • Алматы облысында 87 мыңнан астам адам әлеуметтік төлем алды
  • Алматы облысында өрт оқиғасы 5,2%-ға азайған