Көрікті көлге көңіл бөлінді

download.png

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ» апталығы бойынша бірнеше бөлім қызметкерлерінің қатысуымен тазалық жұмыстары жүргізілді. Аталған акцияға арнайы қатысқан облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев ауқымды шараның ашылу салтанатында сөз сөйледі.

– Президентіміздің бастамасымен бастау аған «Таза Қазақстан» жобасы қоршаған ортамызды таза ұстауда өзіндік жемісін беріп келеді. Осы арқылы әрбір отандасымыз тазалықты өз іс-әрекетінен бастау қажеттігін ұғыну қажет. «Мөлдір бұлақ» апталығын Есік көлінен бастауымыз тегін емес. Есік көлі – ауданымыздың ғана емес мемлекетіміздің мақтан тұтар табиғи жәдігерлерінің бірі. Осы көл арқылы 100 мыңнан астам адам ауызсумен қамтамасыз етілген, 5,5 мың гектар ауыл шаруашылығы жерлері суарылады. Кезінде бұл жер күніне 3 000 турист қабылдаған танымал орталық болған, сондай дәрежеге жетуі үшін бар жағдайды жасауымыз қажет. Сонда экономикамыздың өсуіне зор ықпал етер еді – деген Марат Сұлтанғазиев акцияға қатысушыларға ризашылығын білдірді.

Есік көліне жиылған 500-ге жуық адам ұжым бойынша өздеріне бөлініп берілген аймақтарды күл-қоқыстан тазартып, түрлі ағаш көшеттерін отырғызды.

Ринат НАРХАНОВ


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • *Саида Мирзиёева выразила признательность Касым-Жомарту Токаеву за возможность встречи*
  • *Саида Мирзиёева кездесуге мүмкіндік жасағаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты*
  • *Глава государства принял Руководителя Администрации Президента Узбекистана Саиду Мирзиёеву*
  • Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті Әкімшілігінің Басшысы Саида Мирзиёеваны қабылдады
  • *Emirates SkyCargo Алматы мен Дубай арасында жүк рейстерін іске қосты*