Сот қызметкерлері-сенбілікте

    270ee871-4c5e-4f35-8ef4-197bd8db60d1.jpg

    Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Қарасай әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ұжымы санитарлық тазарту, көркейту және күл-қоқыстарды жинау мақсатында сенбілік шарасын ұйымдастырды.

    Іс-шараның мақсаты – тазалықты сақтау мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Қызу жүргізілген сенбілік шарасына сот қызметкерлері біркісідей атсалысып, бөлінген аумақтарда тазалық жұмыстарын қарқынды жүргізді. Сенбілікте сот ғимаратының маңайын тазалау, ағаш көшеттері мен гүлдер отырғызу секілді бірқатар жұмыстар атқарылып, көшелер бойындағы ретсіз тасталған қоқыстар тазаланды.

    Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Осы ретте барша аудан тұрғындарын ортақ мекенімізді таза ұстауға, жанашырлық танытуға, осындай сенбілік жұмыстарында белсенді болуға шақырамыз.

Қарасай әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті
  • Казахстан и Азербайджан запустили Транскаспийскую волоконно-оптическую линию связи
  • Қазақстан мен Әзербайжан Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосты
  • Глава государства отметил, что саммит проходит в период, когда сама значимость форума подвергается с
  • Мемлекет басшысы саммит форумның маңызына елеулі сын-қатер төніп тұрған кезеңде өтіп жатқанын айтты