ҚР «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Заңына әрі Үкіметтің арнайы қаулысына сәйкес

19a29db9-a412-48c4-8cef-2fbfaacd573b.jpg

ҚР «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Заңына әрі Үкіметтің арнайы қаулысына сәйкес, Қонаевта террористік тұрғыдан осал объектілердің басшыларына түсіндіру-профилактикалық жұмыстары жүргізілді. 


Түсіндіру-профилактикалық жұмыстар бойынша жиналысты Алматы облысы Полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Мади  Зейнелұлы Құсайынов, Алматы облысы Полиция департаменті  Күзет қызметін бақылау бөлімінің аға инспекторы Алмат Жантөреұлы Ағыбаев, Қонаев қаласы терроризмге қарсы комиссиясы аппаратының басшысы Дәурен Серікұлы Майсабеков жүргізді.


Сонымен қатар жиналысқа Алматы облысының және Қонаев қаласының құқық қорғау органдарының, жергілікті және орталық атқарушы органдардың аумақтық департаменттері мен басқармаларының, Қонаев қаласының террористік тұрғыдан осал объектілердің бірінші басшылары мен жауапты тұлғалары қатысты. Жиналыс барысында өзекті мәселелер талқыланып, нормативтік-құқықтық актілердің талаптары жеткізілді.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Алматы облысында жүгері өнімділігі рекорд жаңартты
  • Ақпараттық хабарлама
  • Алматы облысында Республика күніне орай 170-тен астам іс-шара өткізіледі
  • Алматы облысында 500-ге жуық мемлекеттік ту балкондар мен қоғамдық орындарға ілінеді
  • Алматы облысында 87 мыңнан астам адам әлеуметтік төлем алды