«Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық акциясына Алматы облысы белсенді қатысуда

Экология
Фото: Алматы облысы әкімдігі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасы азаматтар арасында, оның ішінде қоғам қайраткерлері, пікір көшбасшылары мен өңірдің үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері арасында кең қолдауға ие болды және барлығы белсене қатысуда. Жергілікті тұрғындар акцияның барлық қатысушыларының іс-әрекеттерін үйлестіру үшін аудандық және ауылдық деңгейде қоғамдық штабтар құрды.

Ірі кәсіпорындар мен ұйымдардағы үйлестірушілер жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп санитарлық тазалау және көгалдандыру жоспарларын әзірлейді. Келесі айда айналаны тазарту, шамамен 15 мың ағаш көшеттерін отырғызу, сондай-ақ жасыл желектерді күту және басқа да іс-шаралар жоспарланған. Осы мақсатта 450 арнайы техника жұмылдырылды.

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы шеңберінде елді мекендерді, мәдени-тарихи орындарды, сондай-ақ су айдындары мен өзендердің аумақтарын санитарлық тазарту бойынша 500-ден астам іс-шара өткізу көзделіп отыр.

Экология
Фото: Алматы облысы әкімдігі

Айта кетейік, арықтарды тазарту басым міндет болып табылады. Табиғатты күтуге 700 мыңнан астам адам қатысады. Жалғызбасты және қарт адамдарға көмек көрсетуге ерекше назар аударылады.

Еріктілер қазірдің өзінде үйлер мен аудандарды тазарту және тәртіпті қалпына келтіру жұмыстарын бастады.

Экология
Фото: Алматы облысы әкімдігі


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстандықтар үшін 2025 жыл қандай болды және ол немен ерекшеленді
  • Как казахстанцы прожили 2025 год, и чем он запомнился
  • 350 тыс. человек получили доступ в 95 населенных пунктах к газу за прошедший год: итоги работы Прави
  • Өткен жылы 95 елді мекенде 350 мың адам газбен қамтамасыз етілді: Үкіметтің энергетика саласындағы ж
  • Реализация поручений Президента: в Казахстане запущены три новых газовых месторождения в 2025 году