Ардақты ағайын! Құрметті аудан тұрғындары!

1712729992978107.jpg

Сіздерді мұсылмандардың қасиетті Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Рамазан – береке мен бірлік, кешірім мен мейірім және қайырымдылықтың айы. Осынау қасиетті айдың аяқталуына орай аталып өтілетін айт мерекесі халқымыз үшін діни ғұрып ғана емес, ұлттық дәстүрімізбен біте қайнасып кеткен ұлық мейрам.

Ораза айт мерекесі ұлттар мен ұлыстарды ынтымаққа ұйыстырады. Иманды күшейтіп, азаматтарымызды қайырымды іс жасауға, жақынына көмектесіп, мұқтаждарға қол ұшын беруге жігерлендіреді.

Қымбатты жерлестер!

Сіздерді Ораза айт мейрамымен құттықтай отырып, баршаңызға дүниедегі барлық ізгі жақсылықтар мен игі қуаныштарды тілеймін. Алла Тағала барлықтарыңыздың амалдарыңызды қабыл етсін.

Ораза айт құтты болсын!


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті
  • Казахстан и Азербайджан запустили Транскаспийскую волоконно-оптическую линию связи
  • Қазақстан мен Әзербайжан Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосты
  • Глава государства отметил, что саммит проходит в период, когда сама значимость форума подвергается с
  • Мемлекет басшысы саммит форумның маңызына елеулі сын-қатер төніп тұрған кезеңде өтіп жатқанын айтты