«Тазалық – саулық кепілі»

«Тазалық – саулық кепілі» - Қонаев тұрғыны

Елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық науқаны бастау алды. Қонаев тұрғындары тазалық акциясына білек сыбана қатысуға ниетті екендерін жеткізді.

«Тазалық – саулық кепілі. Сондықтан жан-жағымызды таза сақтау арқылы денсаулығымызды нығайтуға болады. Әр жерде шашылып жатқан қоқыстар түрлі инфекциялық ауру тудыруы мүмкін. Бұл бізге, қарттарға ғана емес, келешек ұрпақтың әлсіз болып өсуіне ықпал етеді», – деді Қонаев қаласының Құрметті азаматы Амангелді Беспаев.

Сондай-ақ қала әкімінің орынбасары Жансұлтан Оңалбаев та өз пікірін білдіріп, тұрғындарды науқан барысында белсенді болуға шақырды.

«Бұл акция бес аптаға жалғасады. Тұрғындарды белсенді болуға шақырамыз. Қаланың тазалығына жауапты мекемелер үздіксіз қызмет атқаруда. Алайда, туған жерді аялап, тыныс-тіршілігіне қатысу да маңызды екенін ұмытпағанымыз дұрыс. Әсіресе, балалардың аға буыннан үлгі алғаны абзал. Акция аясында аулалар тазаланып, ағаштар егіліп, әктеледі, мәдени мұраларымыздың аумағы тазартылады», - деді қала әкімінің орынбасары.

Айта кетейік, жыл басынан бері Қонаевта бірнеше рет сенбілік ұйымдастырылды.





download.jpg







Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Ұлы дала жорығы» марафонына әлемнің 15 елі қатысады
  • жылыту маусымы нәтижелі аяқталды
  • Алматы облысында 25 жылдық кепілмен салынған жолдардың жағдайы депутаттық сынға ілікті
  • В Алматинской области состояние дорог с 25-летней гарантией вызвало резкую критику депутатов
  • Алматы облысында жазғы лагерьлерге талап күшейтілді