«КЕЛЕШЕКТЕ КІТАП ОҚИТЫНДАР ИНТЕРНЕТТЕ ОТЫРҒАНДАРДЫ БАСҚАРАТЫН БОЛАДЫ»

Кітап - адам  өміріндегі  құндылықтардың  бірі. Ал  кітапхана-кітапқұмар  кісіні  арбайтын  сырлы әрі сиқырлы  әлем.

 Кітапхана өмірі – сырт көзге біліне, байқала бермейтін ағысы баяу, тулаған толқындар ішінде жататын өмір. Сол өмірге бойлап, дендеп енген адам ғана бұл шаңырақтың қыры мен сырын аңғара алмақ.  Қазір  «кітапханаға  бармайды, кітап  оқымайды» деген  сөз-ді  жиі  естіп қаламыз. Ия  жұрттың  бәрі  кітап  оқиды  деп  кесіп  айтуға  әлі  ерте. Бірақ  ауызды  қу  шөппен  сүртуге  де  болмайды. Кітапханашылардың мақсаты - кітапханалық қызмет көрсетуді одан әрі жақсартуға, оқырмандардың рухани және мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыруға, кітап оқу мәдениетін дамытуға бағытталған болса, кітапхананың киелі табалдырығын аттап, білім бұлағынан сусындайтын оқырман еліміздің болашақ ел тұтқасын ұстар білімді де білікті азаматтары болмақ. Сондықтан да кітапхана ісінің ел экономикасы мен мәдениетінің дамуына қосар өзіндік қомақты үлесі бар екені дау-сыз.

Қазір  кітапхана  мен  кітапханашылар  жұмыстары  жанданып  келеді. Мұны  көрмеу, елемеу  мүмкін  емес. Заман  ағымына  сай  жұмыс  істеп жүрген  мамандардың осы  әрекеттері  қазақ  рухания-тының  көкжиегін кеңейтіп,  оқырмандар игілігіне мінсіз қызмет етуіне бар күш-жігерін жұмсап келеді.

 Жақында Атырауда  өткен  Ұлттық  құрылтайдың  үшінші  отырысында  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт  Тоқаев: «Кітапхана-мемлекеттің, ұлттың  негізгі  жады. Еліміз  үшін құнды  тарихи  деректер  мен  материалдардың  дені  кітапханада  сақталады. Сондықтан  кітапхана  ісін  дамытуға  бей-жай  қарауға болмайды. Кітап замандастың  сырлас досы, өзіндік  ақылдасы  әрі  қоғам  айнасы  десек  артық  айтқандық  емес» -деген  сөзін  оқырмандарымызға сүй-іншілеп  жеткізгіміз  келеді

Баяғыда  халық  кітапханаларға  өз  аяғымен  барса, қазір  кітап-ханаларшылардың  өздері  халыққа  жақындайтын  заманды бастан өткеріп жатырмыз. Осы  ретте  аудан тұрғындарын тағы  да  жылжымалы   кітапхананың  жұмыс  істейтінінен  хабардар  еткіміз  келеді.

                                                                                                   Қаракөз Жұмәділова, аудандық  кітапхана директоры.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • *Тазалық пен тәртіп: Қарқара жайлауында «Таза Қазақстан» акциясы ұйымдастырылды*
  • Алматы облысында өткен «Қымызмұрындық – 2026» фестиваліне 35 мыңға жуық қонақ келді
  • Конституционный референдум в Казахстане: новый этап реформ
  • Совет Европы выразил поддержку политическим реформам в Казахстане
  • *В Астане от имени Главы государства были вручены ключи от квартир работникам СМИ*