Ұлттық құрылтай Атырау қаласында өтті


433201344_1637246370413936_879498915503509547_n.jpg433103340_1637246377080602_5153662015686593220_n.jpg

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысы Атырау қаласында өтті.

    Мемлекет басшысы, ең алдымен, биылғы Құрылтай отырысы Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен және Ораза айымен орайлас келгенін айта келіп, үшінші отырыстың Жайық жағасында өтіп жатқаны тегін емес екенін атап өтті. Құрылтайда айтылған жаңа идеялар мен ұсыныстар мұқият қаралып, нақты шаралар қолға алынатынын жеткізді. Оның ішінде Елтаңбамызға қатысты сыни пікірлер айтылып жүргені де көтерілді. Оны Кеңес заманындағы Гербке ұқсатып жатады. Тым эклектикалық, күрделі дейді. Мұндай ойды ел ісіне бей-жай қарамайтын белсенді азаматтар ғана емес, мамандар да айтып жүр. Орынды пайымдар ескерусіз қалмауы керек. Ортақ келісімге келген жағдайда арнаулы комиссия құруға болады. Бұл комиссия мәселені жан-жақты қарастырып, қоғамдық талқылау өткізеді. Сосын Қазақстанның жаңа Елтаңбасының жобасын жасауға ашық байқау жарияланатынын жеткізді.

    Бұл заман талабына сай, өз егемендігімізді, даралығымызды, ұлттық ерекшеліктерімізді, бірлігімізді дәріптейтін жаңа Қазақстанның жаңаша дамуының бірден бір дәлелі болмақ.

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Обращение Главы государства Касым-Жомарта Токаева
  • Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың үндеуі
  • “Тазалыққа тағзым” атты тазалық акциясы өтті.
  • Тазалыққа тағзым”
  • МЕЖДУНАРОДНЫЙ ФЕСТИВАЛЬ «DAMDASTOUR» В ШЫМКЕНТЕ СТАЛ ЯРКИМ СОБЫТИЕМ НАУРЫЗА