АУДАН АБЫРОЙЫН АСҚАҚТАТҚАН СПОРТШЫЛАР

1405a897-4778-45d9-a866-668399d24ece.jpg

07-11 ақпан күндері аралығында Өтеген батыр кентінде волейбол спортынан 2007-2008 жылдары туылған жасөспірімдер арасында  облыстық чемпионат болып өтті.

Облыс көлемінен жиналған үздік спортшылар арасында өнер көрсеткен жерлестеріміз жүлдеден құр алақан қалмады.

Аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Қуанышбек Ысқақовтың дайындаған жас спортшылары ақтық сайыста бақ сынап, жүлделі ІІ-ші орын иегері атанып, бәрімізді шексіз қуанышқа бөледі.

Спортпен айналысуды жаны сүйетін балғын спортшыларды атап айтар болсақ, олар №2 Жамбыл атындағы орта мектебінің оқушысы Ардақ Алпыс, Б.Бейсекбаев атындағы мектеп-гимназиясының оқушысы Асқар Әділхан, Ақкөл орта мектебінің мақтаныштары Дамир Ерғали мен Абылай Тойшыбеков, Аралтөбе орта мектебінің спортшылары Бүркіт Темірболатұлы мен Әлібек Құрманбаев, Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің оқушылары Әлішер Оңгелді, Аният Чапай және Аслан Манат, Ә.Ахметов атындағы орта мектептің оқушысы Алияр Кенжеғұлдар ойын барысында өздерінің ептіліктерін көрсетіп, аудан командасының ақтық сайыста өнер көрсетуіне өз үлестерін қоса білді.

Ойын алаңында жақсы өнер көрсетіп, аудан намысын қорғаған балғын спортшыларымызға тек сәттілік тілейік.

                                                                                            Өз тілшімізден.

                              



Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • В китайском городе Иу стартовал второй сезон шоу Silk Way Star
  • Центр по борьбе с дезинформацией предупреждает
  • Обращение
  • в порядке статьи 40 Конституционного закона Республики Казахстан «О прокуратуре»
  • Қазақстанда бірқатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы төмендеді.