ЕГІСТІК ЖЕРЛЕРДІ ӘР ТАРАПТАНДЫРУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

84aa7444-c3f7-4b69-8709-192b965b586e.jpg

bd7b32b6-d187-477d-b1fb-d3b3c743af85.jpg

Осы аптаның дүйсенбісі күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында егістік жерлерді әр тараптандыру мақсатында жиын болып өтті. Келелі жиынға аудан әкімі Азат Құтпанбетов, Қазақ Ұлттық Аграрлық зерттеу университетінің тәуелсіз сарапшысы, жерлесіміз Тынышбай Досымбеков, Қазақтың өсімдік шаруашылығы ғылыми зерттеу Институтының директоры, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылыми Академиясының  мүшесі Шолпан Бастаубаева, Топырақтану ғылыми зерттеу институтының директоры, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылыми Академиясының мүшесі Раушан Рамазанова, сондай-ақ бірқатар республикаға танымал ауылшаруашылық саласының ғалымдары, ауылдық округ аймағында егіс алқаптары орналасқан ауылдық округ әкімдері және суармалы жерлерді пайдаланып отырған шаруашылық басшылары қатысты.

Жиынды жүргізу тізгінін өз қолына алған аудан әкімі Азат Үкітайұлы ауданға арнайы атбасын бұрған қонақтарға сөз беріп отырды.

Күн тәртібіндегі негізгі мәселе бойынша сөз кезегін алған Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының мүшелері Серік Кененбаев пен Ғалиолла Мейірман, агро білім тарату орталығының жетекшісі,  Сейткәрім Қалтаев, профессор, Казақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу институтының су шаруашылығы бөлімі, Ибрагим Сейтесанов және Қазақтың өсімдік шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының директоры, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Акаде-миясының мүшесі Шолпан Бас-таубаева, Топырақ тану ғылыми зерттеу институтының директоры,  Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының мүшесі  Раушан Хамзақызы,  Қазақ Ұлттық Аграрлық зерттеу университетінің тәуелсіз сарапшысы, жерлесіміз Тынышбай Досымбекұлы тағы басқа  Іле өзеніндегі су деңгейінің төмендеуіне байланысты аграрлы ауданымыздың егіс алқаптарда күріш дақылының жылдан-жылға көлемі азайып бара жатқанын тілге тиек етіп, суармалы жерлерде өсірілетін дәнді дақылдардың  тіршілік нәрін аз пайдаланатын түрлерін өсіруді қолға алудың маңыздылығын түсіндірді.  

Сонымен қатар өңірімізде осы уақытқа дейін өсірілмеген дәнді дақылдарды немесе бау-бақша өнімдерін өндіріс жағдайына енгізуді қолға алу және егістік алқаптарында ауыспалы егіс жүйесін сақтап, егіншіліктің жоғары мәдениетін қалыптастырып, арамшөптермен күресу шараларын қүшейту және тағы да басқа агрономиялық шаралардың орындалуын бақы-лауда ұстау жөнінде әңгіме өрбітті.

Жиынды қорытындылаған аудан басшысы аудан көлемінде қанша гектар суармалы егістік алқаптың бар екенін және суармалы жерлерді тұрақты пайдаланушы шаруашылықтарды атап өтті.

Сонымен қатар суармалы егіс алқаптарды тұрақты пайдаланушылардың егістік жер-лерді әр тараптандыру жүйесін бірауыздан қолдайтынын айтты.

Ауыл шаруашылық саласы  күрделі әрі тәуекелі мол, үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Оны жылдан-жылға дамытып, ілгері өрістету күн тәртібінен түспейтін мәселенің бірі. Бұл ретте мемлекет тарапынан  ауқымды жұмыстар жасалуда.

Ал тіршілік нәрінің тапшы-лығын болдырмау үшін  алдын алу шараларын ойластырып, егістік алқаптарға суды көп қажет етпейтін дақылдарды егу мәселесін   ойластырып жүрген ғалымдардың, бұл шешімдеріне аудан жұртшлығы өз қолдауларын  көсетуге дайын екендіктерін білдірді.

                                                                                                Бақтығали ДӘУІТБАЕВ, «Балқаш өңірі».


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Татулық – тұрақтылық негізі
  • Алматы облысындағы «Шынасыл-Сай» кен орнының ашылғанына ғасырға жуықтады
  • Алматинская область: работе акимов сельских округов придадут новый импульс
  • Алматы облысында ауыл әкімдерінің алғашқы форумы өтті
  • АИТВ-ке қарсы антиретровирустық терапия оң нәтежиесін беріп жатыр