ПРЕЗИДЕНТ СҰХБАТЫНАН АЛҒАН ӘСЕРІМ МОЛ

35f6268f-79c7-4e9f-94e6-84023e38994b.jpg

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында  «Жаңа жыл – әрине, күнтізбе­нің жаңа парағын ашатын маңызды меже. Осы сәтте өткен жылды қоры­тын­ды­лап, келешекке жоспар құру әдетке айналған. Бір жағынан, Жаңа жыл мен үшін қастерлі мереке емес. Оның  үстіне, өзіміздің төл жаңа жылымыз – Әз Наурызды естен шығармаған жөн. Бұл мейрам – тіршілікті түлете келетін нағыз табиғи жыл басы.  Наурыз – жаңару мен жаңғырудың символы. Сондықтан төл мерекеміздің мазмұнын байытып, оны барынша ерекшелеп, жаңаша атап өтуіміз керек. Бұл қадам қоғамды ұйыстырып, ұлттық бірегейлігімізді айшықтап, ел бірлігін нығайта түсуге ықпал етеді деп сенемін» деді.

Мемлекет басшысының бұл сөзі ұлттық салт-дәстүрімізге деген өзінің құрметінің жоғары екендігін көрсетіп тұрғаны байқалды.

Сонымен қатар Президент еліміздің даму үдерісіндегі жоспарлы жұмыс биыл да жалғасын табатынына баса тоқталып, жаңа технологиялардың қолданысқа енгізіліп әлемнің күн санап дамып келе жатқанын, тарихи тұлғаларды насихаттауды үлкен жолға қойып отырғаны мені қатты қуантты.

Бақыт Сқабаев, аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Елде «Republic Day» акциясы басталды: Республика күніне орай мыңдаған тауарға жеңілдіктер
  • По всей стране стартовала акция «Republic Day»: тысячи товаров со скидками ко Дню Республики
  • Елде «Republic Day» акциясы басталды: Республика күніне орай мыңдаған тауарға жеңілдіктер
  • Скидки до 70% предложат в торговых центрах по всему Казахстану ко Дню Республики
  • Пашинян поблагодарил Алиева