Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Жаңа Қазақстан» қоғамын құру бастамасын мүмкіндігі шектеулі жандарда қуана қолдады. Оларға мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау-көмектердің жыл санап ұлғайып, назардан тыс қалдырмағандығы жігерлеріне-жігер қосуда.
Президент реформасы аясында қолға алынып жатқан ауқымды істердің бірі ретінде Мемлекет басшысының жыл сайынғы халыққа арнайтын Жолдауында айқын көрініс тапқандығы осы сөзімізге дәлел іспеттес.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы өз сөзінде; -«Келесі маңызды мәселе-мүмкіндігі шектеулі адамдарға барынша қолайлы жағдай жасау.Ең алдымен, барлық санаттағы мүгедектікті анықтау рәсімдерін түбегейлі жеңілдету керек.
Қәзір күтімге мұқтаж адамдардың өзіне тиесілі әлеуметтік қызметтерді пайдалануы өте қиын. Олар онсыз да белгілі нәрсені дәлелдеу үшін түрлі кеңсенің табалдырығын тоздыруға мәжбүр. Цифрлық технологиялар мен автоматтандыру дәуірінде мұндайға жол беруге болмайды. Сондықтан жұмыс тәсілін дереу өзгерту қажет» -дегені біздің қоғамдық бірлестік мүшелеріне серпін сыйлады.
Елімізде тағдыр тауқыметіне түсіп, туа бітті мүгедек болып жатқандар және жол көлік апатынан мүгедек болғандар өте көп. Еліміз мүмкіндігі шектеулі жандарды мемлекеттік - әлеуметтік жәрдемақыны алушыларды үш топқа бөледі. Жалпы аурулар бойынша, әскери қызметте жарақат алғандар және мемлекеттік орган қызмет-керлеріне арнайы
тағайындалады.
Мәселен туа бітті мүгедектер мен бала кезінде мүгедек болғандарға жәрдемақылар тағайындалған.
Денсаулығына ерекше күтімді қажет ететін баланы тәрбиелеу оңай емес, ал егер жалғызбасты болсаң, тіптен қиын. Үздіксіз оңалту шараларымен, дәрі-дәрмекпен, жаттығумен қамту - мұның бәрі өте қажет, бірақ қымбат. Сондықтан, мұндай мемлекеттік қолдау дер кезінде қолға алынып отыр. Мен көптеген ата-аналармен араласамын, кей отбасыларда бір емес, тіпті екі «ерекше» баладан бар, көпбалалылар бар. Осындай заңның қабылданғанына қуанып қалдық.
Сонымен қатар, заңдағы түзетулерде мүгедектігі бойынша да, асыраушысынан айырылуы бойынша да жәрдемақыны бір уақытта алу құқығы қарастырылған.
Бұдан басқа, қабылданған түзетулер мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға баланың кәмелеттік жасқа толғаннан кейін де тұрғын үй кезегін сақтап қалуына мүмкіндік береді.
«Мұндай отбасылар баспана кезегінде 10 жылға дейін тұрып қалады. Егер баланың 18 жасқа толғанға дейін баспана алуға мүмкіндігі болмаса, мүмкіндігі шектеулі азамат қайтадан кезекке тұруы керек. Енді бұл норма 20 мыңнан астам отбасының баспана кезегін сақтап қалуына мүмкіндік береді»
Балқаш аудандық «Мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігі өз жұмысын Президент реформасына қарай бейімдеп, осы бағытта ілкімді жұмыстарды қолға алуда.
Сәкен БЕКЖІГІТОВ, Балқаш аудандық «Мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы.