Алматы облысында алғаш рет «AMANAT» партиясы депутаттарының форумы өтті

812eb0d9-a4db-4d81-8d67-ce13833febb1.jpg

Форум халық қалаулылары мен мемлекеттік қызметшілер арасындағы байланысты нығайтуға негізделген.

 Бүгін Алматы облысы бойынша AMANAT партиясының барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының I өңірлік форумы өтті.

 Аманаттық депутаттардың қызметін жандандыру, халықтың партияға деген сенімін арттыру, мәслихат депутаттары мен мемлекеттік органдар арасындағы ашық әрі тиімді диалог құру – осы және тағы басқа мәселелер Қонаевта өткен «AMANAT» партиясынан сайланған барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының І облыстық форумда айтылды. 

 Жиынға облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев қатысты. Сондай ақ, ардагерлер мен партия белсенділері, облыстық басқарма және департамент басшылары да қатысты.

 Форумның ашылуында сөз алған Алматы облысының әкімі партияның сайлауалды бағдарламасы аясында өңірдің әлеуметтік экономикалық дамуының 10 айына қорытынды жасады.

Оның айтуынша, биыл барлық салаларда өсім қамтамасыз етіліп, жыл соңына қарай жалпы өңірлік өнім көлемін 4,7% өсіммен 4,6 триллион теңгеге дейін жеткізу жоспарланды. Бұл ретте партияның 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасы шешуші рөл атқарады.

 «Биылғы жылға жоспарланған 88 іс-шараның 42% орындалды. Жалпы, жол картасында көзделген 106 іс-шара кезеңімен жүзеге асырылып жатыр. Қаражат көлемі 2 трлн 342,4 млрд теңгені құрайды. AMANAT партиясының саяси бағытын орындау мақсатында өңірде әлеуметтік-экономикалық дамудың оң динамикасы сақталды. Аталмыш форум депуттар мен жергілікті атқарушы органдар арасында Алматы облысының экономикасын дамыту мәселелерін талқылау үшін ашық диалог алаңына айналғанын қалаймыз», деді Марат Сұлтанғазиев.

7900723b-dc7c-492f-8f57-7ff22e6f2f33.jpg 7900723b-dc7c-492f-8f57-7ff22e6f2f33.jpg


Сонымен қатар, ол мәслихат депутаттарының рөліне тоқталған аймақ басшысы олардың халықтың өзекті мәселелерін шешудегі басым міндеттерін атап өтіп, өңірдегі оң өзгерістерінің бастамашысы болу маңыздылығын айтты.

 

Ал партия филиалының төрағасы Қуат Байғоджаев бұл форум – аманаттық депутаттарға мемлекеттік орган басшыларымен тікелей тілдесуге мүмкіндік жасалған шара екенін айтты.

«Форумға облыстағы барлық деңгейдегі депутаттар шақырылған. Сондай-ақ барлық басқарма және департамент басшылары қатысуда. Негізгі мақсат – депутаттар мен жергілікті атқарушы орган арасындағы ынтымақтастықты нығайту. Өйткені депутаттар тарапынан мемлекеттік органдарға көптеген сұрақтар туындайды. Сол сұрақтарды бірлесіп талқылап, бірлесіп шешу жолдарын қарастырдық. Мемлекеттік орган басшыларымен тікелей тілдесуге мүмкіндік жасалды. Маңызды мәселелер талқыланды», – дейді Қуат Байғоджаев.

Айта кетсек, Алматы облысында барлық деңгейдегі 228 мәслихат депутатының 190-і «AMANAT» партиясының мүшесі. Олар жыл басынан бері 517 қабылдау жүргізіп, 1 мыңнан  аса адамды қабылдаған. Оның 817-інің өтініші оң шешімін тапты. Қалғандарына заң аясында түсініктеме берілді

                               "AMANAT" партиясы Алматы облыстық филиалының баспасөз  қызметі.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Татулық – тұрақтылық негізі
  • Алматы облысындағы «Шынасыл-Сай» кен орнының ашылғанына ғасырға жуықтады
  • Алматинская область: работе акимов сельских округов придадут новый импульс
  • Алматы облысында ауыл әкімдерінің алғашқы форумы өтті
  • АИТВ-ке қарсы антиретровирустық терапия оң нәтежиесін беріп жатыр